«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорданың ерекше саябақтары

0 70

Бас қалада тозығы жеткен үйлердің орнына «Иллюзия гүлзары» мен «Чемодан саябағы» ­салынды деп хабарлайды «Елорда ақпарат».

Сарыарқа ауданында салынған креативті гүлзарлар Біржан сал көшесі, №5 үй және Республика даңғылы мен Ы.Дүкенұлы көшесінің қиылысында орналасқан.
Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы сүрілген үйлердің аумағы толығымен абаттандырылып, жарықтандырылғанын мәлім етті. Мұнда балаларға арналған ойын алаңқайлары және спорт алаңдары пайда болды. Әр гүлзар өзіндік стильде безендірілген.
Республика даңғылы мен Ы.Дүкенұлы көшесінің қиылысында орналасқан шағын саябақ «Иллюзия гүлзары» деген атауға ие. Мұнда скейтдром, оптикалық иллюзияны жасау үшін қолданылатын қисық формадағы эймс бөлмесі, сырғанақ төбешігі және балалар алаңы бар.
Ал Біржан сал көшесі, №5 үй мекенжайында орналасқан гүлзардың «Чемодан саябағы» деп аталуы тегін емес. Саябақ теміржол вокзалына жақын орналасқан. Бұл аумақта чемодан формасында жасалған кіші сәулет формалары орнатылған. Жоба авторы балаларға арналған теміржол салуды жоспарлаған. Ал құрылысшылар автордың ойын жүзеге асыру үшін арнайы темірден рельс жасады.
Басқарманың табиғатты қорғау жобаларын басқару бөлімінің басшысы Азамат Жанатаевтың айтуынша, тұрғындар мен қала қонақтарының демалатын орын­дарына айналған жаңа саябақтардың орнында бұрын апаттық жағдайдағы екі қабатты ескі үйлер болған.
Белгілі болғандай, биыл қыркүйек айында Сарыарқа даңғылы, №27 үйдің маңында тастармен көмкерілген гүлзардың құрылысы аяқталады. Бақтың аумағы – 2304 шаршы метр. Бұл аймақ демалысқа арналған үш алаңға бөлінеді. Бір жағында түрлі спорттық жабдықтары бар спорт алаңы, ал ортасында алып тастар болады. Келесі бөлігінде тамақтану мен сауда павильондары ашылады деп жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды