«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттары

0 115

Осы аптада Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық биліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттарына тоқталды. Бас қаланың болашақтағы жоспары Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін айта кеткен жөн.

????????????????????????????????????

2016 жыл мемлекеттік бюджетке 1 трлн 64 млрд теңге көлемінде рекордты түсім түскенімен ерек­шеленді. Бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 25%-ға артық.
Астана экономикасы қарқынды даму жолына шықты. Бұған тө­мендегі маңызды көрсеткіштер дәлел: тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өсу қарқыны жағынан Астана көшбасшы орынды алып отыр.
Елордада жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі тіркеліп, қала инвестицияларды тарту жөнінен 2-орында бекем тұр.
Астанада маңызды денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға беріліп, қоғамдық көлік саласына ауқымды реформа енгізілді.

Өмір сүру сапасына, шығармашылық және іскерлік жоспарларды іске асы­руға келгенде, Астана – бақытты адамдар тұратын таңдаулы қала. Бұл сөздер Астана дамуының басты ұранына айналады.
Күннен-күнге қарыштап дамыған Астана 2016 жылды да ерекше жетіс­тік­терімен шығарып салды. Бас қаланың басты салалары қарқынды дамыды.
Атап айтқанда, былтыр мемлекеттік бюджетке 1 трлн 64 млрд теңге көле­мінде рекордты түсім түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық.
Астана экономикасы қарқынды даму жолына шықты. Бұған төмендегі маңызды көрсеткіштер дәлел: тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өсу қар­қыны жағынан Астана көшбасшы орынды алып отыр. Елордада жұмыс­сыздықтың ең төменгі деңгейі тіркеліп, қала инвестиция­ларды тарту жөнінен 2-орында бекем тұр.

2
Астанада маңызды денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға беріліп, қоғамдық көлік саласына ауқымды реформа енгізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көр­месінің өтуіне байланысты 2017 жылы Қазақстан астанасының тарихында жаңа кезең басталмақ. Әлемдік деңгейдегі беделді форумға әзірлік пен оны өткізу мәселесі әкімдіктің 2017 жылғы жұмысының басты ба­ғыт­тарының бірі болмақ.
Сондай-ақ, елорда келбетін айшықтап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Астана –жаһандық ақылды қала» моделін жүзеге асыру үшін бірегей шаралар легі қабылданбақ.

1

Астананың даму қарқыны
Қала әкімі 2016 жылды қорытындылай келе, жалпы алғанда, Астанадағы әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екенін, дамудың даңғыл жолына шыққанын атап өтті.
Негізгі экономикалық көрсеткіштерге келейік. 2016 жылдың 9 айының қоры­тындысы бо­йынша ЖӨӨ 2,3%-ға өсіп, (ҚР бойын­ша өсім 0,4%) 3,5 трлн теңгеге жетті. Жалпыреспубликалық ІЖӨ-де Аста­наның үлесі – 11%.
Республикада Астана тартылған ин­вес­тициялар көлемі бойынша берік 2-орынды алып отыр (713 млрд теңге,
ҚР-ғы үлесі – 10,8%), тұрғын үй құрылысы бойынша 1-орында (2 млн ш.м. астам,
ҚР-ғы үлесі – 22,7%), жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің өсу қарқыны
бойынша 1-орында (ФКИ – 102,7%,
ҚР-ғы үлесі – 94,5%), Астанада жұмыс­сыздықтың ең төмен деңгейі тіркелді (4,6%, ҚР бойынша – 4,9%). Теріс көрсеткіштерге инфляцияның жоғары деңгейін – 110%, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 1,5%-ға жоғары.
– Мақсатты индикаторлардың же­тістігі жөніндегі Премьер-министр­мен жасалған меморандумды нақты іске асырудың талдауы 2016 жылы оның 10 көрсеткішінің 9-ы орын­далғанын көрсетті, – деді отырыста Әсет Исекешев.
Жалпы алғанда, экономиканың өсімі мен салықтық әкімшілендірудің нәти­же­лігі республикалық бюджетке түсімнің ре­кордтық көлемін – жалпы сомасы 1 трлн 64 млрд теңгені қамтамасыз етті (өсім – 25%). Соның ішінде жергілікті бюджетке 216 млрд теңге түсті (өсім – 13%), республикалық бюджетке 848 млрд теңге (өсім – 28%).

Қаланың шеткі аумағына дейін…
Астананың келешектегі дамуы мен алдағы таңда жүзеге асатын инфра­құрылым жобалары бойынша Елбасы­ның тапсырмаларын елорда әкімі қадап айтып өтті.
– Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 69-қа­дамында Астананы Еуразиялық іскерлік, мәдени және ғылыми орта­лығына айналдыру туралы нақты ай­тылған. Сондықтан осы тапсырманы табысты орындау үшін Астананың 2016-2020 дамыту бағдарламасына түзетулер енгізіліп, ол қалалық мәс­лихаттың шешімімен бекітілді, – деді әкім.
Аталған бағдарламада тұрғындардың ауқатты тұрмысы мен әлеуметтік жағдайын көтеруге ерекше маңыз берілген.
Оның негізі қоршаған ортаның талабына сәйкес келетін әлеуметтік стандарттар мен жоғары мәдениетті қалыптастырудағы инклюзивті моделді дамыту керек. Сондықтан жаңа эко­номикалық стратегия белгілеп, алдымен халықтың әл-ауқатын көтеретін эконо­микалық құрылымдарға өзгерістер енгі­зіп, қосымша сауда орындарын қамтып, инвестиция тарту қажет, – деді ол.
Ондағы мақсат – жоғарыда аталған стратегия аясында негізгі секторлар бойынша жаңа жұмыс орындарын ашып, қалаға келуші еңбек ресурстары арқылы шағын бизнесті көркейту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инвестиция тарту.
Әрине, елорданың абыройы – бәрімізге мәртебе. Сондықтан қала барлық жағынан үздік атану үшін тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен кіріс көлемі молайып, шығармашылық пен еңбек өнімділігі артып, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шығуы керек.
– Ол үшін әкімдіктің әрбір қызметкері осы айтылған басымдылыққа сай жоғары деңгейде жұмыс істеуі керек. Бюджеттің әрбір теңгесі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға әсер етуі қажет, – деді әкім.

Астананың үш тірегі
Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылы елордада өтетін шаралар бойынша үш бағытқа баса назар аударылып отыр.
1. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізу;
2. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеру;
3. Елордада «ақылды қала» технологиясын дамыту.
Алдымен Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйым­дастырып, тың­­ғы­лықты өткізу үшін нақты шаралар белгіленді. Қала тұр­ғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін жо­ғары деңгейде ұйым­дастыруға, қала­ның инфрақұ­рылымын дайындауға және қызмет көрсету секілді басқа да қажетті шараларды өткізу қажет. Айтылған жұмыстар барысында ерекше жағдай орталығы құрылып, қаладағы барлық тұрғын жай мен әлеуметтік, коммерциялық және инфрақұрылымдық объектілерге бейнебақылау орнатылады. Қала аумағында 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында 3 мың камера қойылады, 2017 жылдың аяғында – 7 мың, осылайша, елордада жұмыс істеп тұрған бейнекамералардың жалпы саны 12 мыңды құрайды.
Халықаралық көрмеге келетін қонақ­тар мен түрлі шаралардың өтуіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысын ұтымды ұйымдастыру қажет. Сондықтан біздің алдымызда көліктердің әрбір бағыты бойынша маршруттары мен автобус парктерінің және такси, теміржол және авиация саласы жұмыстарын оңтайландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр.
Жолаушыларға арналған 27 өткізу пункті мен халықаралық және ішкі рейс­терге бөлек қызмет көрсететін жаңа әуежай терминалын енгізу әуежайдың жолаушыларды өткізу мүмкіндігін екі есеге жылдамдатады, яғни 3,3-тен 7,6 млн адамға арттырады. Ал жаңа теміржол вокзалына көлікпен жетуді қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 4,4 км болатын 5 жол салынады.
Келесі маңызды бағыттың бірі – қонақ күту мәселесінде қызмет көрсету деңгейін көтеру, сондай-ақ, жеке SMART шешімдерді жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта қонақүй қорында 164 нысан бар. «ЭКСПО-2017» қар­саңынд а тағы 23 нысан іске қосылады. Қонақтар мен туристерді орналастыру үшін 30-35 мың төсек орын дайындау керек.

3
– Серіктестік бағдарламасы шең­берінде халықаралық деңгейде қызмет көрсету үшін туристік фирмаларды, қоғамдық тамақтану мен таксомоторлы компанияларды тарту қажет және ақпараттық, нұсқаулық бағыттағы жүйені кеңейту керек. Келетін қо­нақтарға қолайлы жағдай жасау үшін ішкі істер орган қызметкерлеріне, әлеуметтік сала мен көліктік қызмет көрсету мамандарына, диспетчерлерге, сондай-ақ, еріктілер мен туристік фирма қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қарастырылып отыр, – деді Астана әкімі.
Қала басшысы өзінің орынбасарларына дайындық жұмыстарды күшейту үшін 5 негізгі тапсырма берген болатын. Олар: құрылыс, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын уақытылы пайдалануға беру, туристердің қауіпсіздігін сақтау, ішкі сауда көлемін ұлғайту, тұтыну тауар­ларының бағасын тұрақтандыру және мәдени бағдарлама мен сервистік инфрақұрылымды дайындау.

Келешекке қадам
Екінші негізгі бағыт – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту. Осы саладағы жұмыстар 2 бағыт бойынша шешімін табады.
– Өмір сүру сапасын арттыру үшін алдымен мемлекеттік қызмет сапасын көтеру керек. Яғни, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік қызметі, экология, қауіпсіз тұрғын үй жағдайы, сауда-саттық, тағы басқа салалардың жұмысын жетілдіруіміз қажет. Осы бағытта біз өзімізге ЭЫДҰ стандартын мақсат етіп қоямыз, – деді Әсет Исекешев.
Тағы бір басты бағыттардың бірі – барлығын біртіндеп қолжетімді ету: қала 129 секторға бөлінеді (әр сектордың 10 мыңға дейін халқы болады), секторларда 32 әлеуметтік стандарт қызмет көрсетеді – мектеп, балабақша, саябақ, спорт алаңы, емхана, полиция бөлімшесі, азық-түлік, қоғамдық көліктерге қолжетімділік және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камералары.
Қала әкімі сапалы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы өркенді өзгерістер, қоғамдық көліктің заманауи жүйесін дамыту секілді тұрғындар үшін маңызды болып табылатын басты 20 межені қамтуды ұсынып отыр. Сондықтан бұл бағдарламаға Астананың 20 жылдығына орай «20 нақты бастама» деген атау беріліп отыр.
– Жоғарыда келтірілген бағыттарды жүзеге асыру нақты қадамдар мен жаңа тетіктерді әзірлеуді қажет етеді және бұл іске қала қауымдастығын тартудың біз үшін маңызы зор. Осы үшін әкімдікте қала қауымдастығымен диалогты қамтамасыз етіп, бастамалардың жүзеге асуын қадағалап отыратын орнықты даму бойынша кеңес құрылды, – деді Әсет Исекешев.
Қала әкімі қоғамдық көлік саласында жекеменшік көліктермен жүруді азайтатын, кешенді түрде жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін арттыратын, экологиялық жағдайды жақсартатын және жүргіншілердің шоғырлану тепе-теңдігін ұстайтын сыйымдылығы жоғары көліктік кешенді басқарудың жаңа үлгісі жасалатынын айтты.
Көлік инфрақұрылымын жоспарлау­дың қала құрылысы саясатындағы рөлі де күшейтіле бастады. Осы ретте қолайлы веложолдар желісін, жүргіншілер бағыттарын, паркингтер мен авто­тұрақтар орындарын жасау көзделіп отыр. Бұл жол бойындағы бірқатар инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Тұрғындарды жайлы жолаушылар көлігімен қамтамасыз ету үшін 380 бірлік қазіргі заманғы автобус­тар сатылып алынатын болады.
Одан бөлек, ағымдағы жылы жеке инвесторлардың есебінен 55 жабық және 250 жайлы аялдама павильоны орнатылады. «Вus Lane» жобасы бойынша жалпы ұзындығы 64,7 шақырымдық қосымша 24 учаскені енгізу жоспарлануда. Осылайша, қоғамдық көліктердің орташа жылдамдығын 2 есеге арттырып, автобустардың күту уақыты 15-20 минуттан 7-10 минутқа дейін қысқарады.
Бүгінгі күні қала тұрғындарының 33%-ы қоғамдық көлік қызметін пайдаланады. 2020 жылы бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу жобалануда.
ЛРТ жобасын іске асыру Халық­аралық әуежай мен «ЭКСПО-2017» көрмесі кешендерін, жаңа теміржол бекеті мен көп салалы Абу-Даби-Плаза кешені арасын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жаңа қала салу тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жеті полиорталықтар салу көзделген. Көліктік хабтарды дамыту, жасыл желекті қоғамдық кеңістіктер аумағы, сауда орталықтары мен спорт нысандары салынады.
– Атап өту керек, тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуін тиісті деңгейде қам­тамасыз ету үшін инженерлік инфра­құрылымды дамытудың озық жоспарын жеке қабылдау талап етіледі. Бұл жерде тұрғындардың орталық­тандырылған жылыту жүйесімен 100%-ға қамту маңызды. Ол үшін бізде жеткілікті қор бар, – деді Ә.Исекешев.
Қала басшысы қаланы қар мен мұздан тазарту мәселелеріне де тоқталып өтті.

4

– Соңғы үш жылда түскен қардың орташа жылдық мөлшерінің артқаны байқалады, ал үстіміздегі жылы соңғы 10 жылда болмаған рекордтық қар жау­ғаны тіркелді. Өткен жылдардың талдауы бойынша, 2014 жылы – 3,2 миллион текше метр, 2015 жылы – 3,4 миллион текше метр, ал 2016 жылы тек қазан айынан 2017 жылдың қаңтар айы­на дейін 2,3 миллион текше метр қар шығарылған. Қаланың тазалау аумағы да айтарлықтай өсті. 25 мың пәтерлік 200 жаңа тұрғын үй кешендері тұрғызылып, 500 әлеуметтік нысан мен 300 км жол салынды. 2017 жылы елорданы тазалауға 15,1 млрд теңге қарастырылған, бұл 2010 жылғы деңгейден үш есе көп. Ағымдағы жылы аудан әкімдігінде көрініс тапқан жемқорлыққа байланысты мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейттік. Тазалау бойынша механизмдер қайта қаралып, тиісті бағдарлама қабылданды, мемлекеттік тендерлерді өткізу шартын өзгертіп, атқарылған жұмыстың сапасы мен уа­қытылы өткізілуіне бақылау күшейтілді, – деп атап өтті ол.
Бәрімізге белгілі, тұрғындар тарапынан ПИК жұмысының сапасына көптеген шағымдар айтылып жатады. Сол себепті коммуналдық қызметтің сапасын арттыруға арналған «Электрондық КСК» жобасы бойынша ақпараттық жүйе әзірленуде. Білікті мамандардан тұратын материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған, оның ішінде апаттық қызметі де бар басқарушы сервистік компаниялардың санын көбейту қарастырылған. Қазіргі күнде Астанада осындай 18 компания құрылды.

Апатты нысандар жазда сүріледі
Өркенді өңір Астана қарқынды дамып келе жатыр. Оған соңғы бес жылда тұрғын үй қорының екі есеге дейін артқаны дәлел. Осыған орай, Тұрғын үй инспекциясы басқармасы 537 үйге техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 372 үй апаттық жағдайда деп танылды. Олардың 228-і 2017 жылдың соңына дейін, ал қалғаны 2020 жылдың соңына дейін сүрілетін болады. 2017-2018 жылдары 879 көп пәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізу жоспарланған. Осылайша, апаттық жағдайдағы кондоминиум нысандарының санын 2020 жылға дейін 7,6%-дан 3,8%-ға дейін екі есеге қысқартылуы керек.

2017-2018 жылдары 879 көп пәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізу жоспарланған. Осылайша, апаттық жағдайдағы кондоминиум нысандарының санын 2020 жылға дейін 7,6%-дан 3,8%-ға дейін екі есеге қысқартылуы керек

– Тұрғын үй құрылысы шаруашылығы саласындағы ілгерілеушілік коммуналдық компаниялардың тиімділігі мен ашық­тығын арттыру, энергия үнемдеу сала­сындағы саясатты қолдау, оның ішінде тиімсіз тұтынуды төмендететін тарифтерді құру және жаңа құрылыс технологиялары мен инженерлік шешімдер арқылы жүзеге асады. Осының есебінен 2020 жылға қарай электр желілеріндегі апаттық жағдайлар 20%-ға, ал жылу және су ма­гистральдерінде 10%-ға төмендетіледі, – деп мәлімдеді қала әкімі.
2017 жылы үш жаңа қосалқы электр стансалары мен 4-ші және 5-ші жылу магистральдерінің уақытылы пайдалануға берілуі арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі, жаңа теміржол вокзалы, «Интернацио­нальный» тұрғын алабы, «Батығай» аудандары, «Жасыл орам» ТК, Тұран және Орынбор даңғылдары үзіліссіз электр және жылумен қамтамасыз етілетін болады. Энергия үнемдеудің қалалық бағдарламасы мен энергиялық тиімді технологияларды енгізу арқылы ЖӨӨ-нің энергия сыйымдылығын 3%-ға төмендету, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру қарастырылған.
Су басуы мүмкін көшелердің мәсе­лесін шешу үшін «Талдыкөлдің» сарқынды суларын сору жұмыстарын жалғастырып, Өндіріс, Бейсекова көшелері, Тұран даңғылы, Алаш тас жолы аудандарында қосымша тазалау құрылыстарын салу керек.

Үлкен үзіліс
Астана әкімі білім саласына қатысты мәлімдемесінде білім беру мекеме­леріндегі кезекті жою және жазылудың бірыңғай электронды жүйесін енгізу бойынша нақты міндеттер қойылғанын айтты. Бүгінде мектепке дейінгі бі­ліммен қамту 70%-ды қамтиды. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 100-ден аса жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу, балабақшаларды көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына орналастыруға жағдай жасау арқылы 90%-ға жеткізу мүмкіндігі бар.
2017 жылы 800 орынға шақталған кәсіптік техникалық мектептердің және 5 мектепке жапсарлас салынатын нысандардың құрылысы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, 7800 орындық 7 мектептің құрылысын бастап, 480 орындық 2 балабақшаны пайдалануға беру керек.

erm_2021
– Биыл 4 пен 11-сынып оқу­шыларына тестілеу өткізілетін болады. Бұл бағытқа 91,4 млн теңге бөлінді. Жобаның мақ­саты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, мектептердегі оқытудың сапасын арттыру. Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу – маңызды мәселе. Бағдарлама шеңберінде 42 робототехника кабинеті жабдықталады. Бұған 168 млн теңге бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, «Мехатроника» мамандықтарын ашу үшін 182 млн теңге көлемінде қаржы жұм­салмақ, – дейді Ә.Исекешев.
Жақын арада мектеп тасы­малының маршруттық желісін құрып, 45 маман­дандырылған автобусты іске қосу жос­парланып жатыр. Жаңа модельді енгізу және елорда экономикасының қажет­тіліктерін ескере отырып, мем­лекеттік тапсырысты түзету арқылы 2020 жылға дейін түлектерді жұмысқа орналастырудың үлесін 96%-ға дейін арттыру жолға қойылып отыр. Жаңа бастамалар жастар саясатына да қажет. Әлеуметтік белсенді емес жастардың үлесін 6%-ға дейін (индикатор NEET) азайту керек.

Бірінші байлық – денсаулық
Астанада медициналық қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіре түсу керек. «Дәрігер үйіңізде» отбасылық денсаулық орталығын ашу және МЖӘ тетіктерін қолдана отырып, амбулаториялық-емханалық саланы дамыту арқылы емханаға жаяу 20 минутта жету мен отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға 10 минутта жету қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістер осыған негізделмек.
Денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы заманауи медициналық жабдықтармен жасақтауға 5,2 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен 49 жедел медициналық көмек автокөліктерін және санитарлық көмек көрсетуге арналған 36 машина сатып алу жоспарланған. Бұл жедел жәрдем көрсетуге баратын уақытты 7 минутқа дейін қысқартады.
Жылдың соңына дейін барлық емханаларды «смарт-емхана» жүйесімен жабдықтау көзделіп отыр. Жоба бюджеті – 633 млн теңге. 2017 жылдан бастап дәрігерге Call-орталығы арқылы ашық түрде жазылудың мүмкіндігі туды. Бұл кезек мәселесін шешуге бастайды.
Медициналық қызметтің халықа­ра­­лық кластерін құру бойынша жұмыс және терапия, кардиохирургия, нейрохирургия, онкологиялық ауруларды емдеу қызметтерінің алғышартын жасау жандандырылатын болады. Бірақ кез келген дерттің алдын алу үшін ең бірінші бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын насихаттауға баса көңіл бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық жағдай жасалады.
– Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жайлылығы үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарын пан­дус­тармен және көтергіштермен жаб­дықтау жұмыстары жалғасады. Мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған Жол картасы жасалуда, – деді қалабасы.

ТАБЫС ҚАЙДАН ТАБЫЛАДЫ?
Қала тұрғындарының табыс өсімі, елордалық биліктің пайымдауынша, жаңа экономикалық стратегия арқылы қамтамасыз етілетін болады.
– Біз шағын және орта кәсіпкерлікті жеделдете дамыту үшін жан-жақты жағдай жасауды, экономиканың жетекші секторларында 50 мыңнан кем емес сапалы жұмыс орындарын құруды, тікелей шетелдік капитал түсімін екі есеге көбейтуді қамтамасыз етуіміз керек. Белгіленген негізгі кезеңдерді есепке ала отырып, қаланы дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның аясында жекеменшік инвестиция және мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде тұрақты экономикалық модельді құрайтын бес жетекші және бес қолдаушы сала анықталып отыр, – деді Ә.Исекешев.
Бес жетекші саланың қатарына туризм, құрылыс кластері, қаржылық сектор, қазіргі заманғы өндіріс және мемлекеттік басқару және халықаралық ұйымдар үшін қызмет көрсету салалары кірсе, бес қолдаушы секторды кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау (медициналық туризм), сауда және логистика, креативті секторлар, сондай-ақ, мәдениет пен спорт салалары құрайды.

6

Туризмнің келешегі
Қала әкімдігінің 2017 жылдағы үшінші басты бағыты – Астананы жаһандық ақылды қалаға айналдыру. Бастама ЭКСПО-ға дайындықпен қатар жүзеге асырылатын болады.
Көп мемлекеттерде, әсіресе, жаһандық қала ретінде мегаполистер мемлекет үшін ғана емес, тұтас макроаймақ пайдасына инвестицияны, таланттарды, туристерді тартудың орталықтары болып саналады. Мысалы, Дубай – бүкіл Таяу Шығыс, Сингапур – Оңтүстік-Шығыс Азияның нақ осындай қалалары. Бұлар сапалы инфрақұрылым, қауіпсіздік, өмір сүрудің жайлы жағдайларының болуымен ерекшеленеді.
Бұл қалалардың негізін туризм мен қаржы орталықтары құрайды. Осы секторлардың айналасында туристер мен қаржы орталықтарының резидент­теріне қызмет көрсететін өнімді қызмет пайда болады.
– Осы аталған екі сектордың табысты дамуы маңызды экономикалық серпін бере алады: туризм мен халықаралық қаржы орталығынан түскен пайда қаланың және ЭКСПО-ның, соның ішінде мәдени-спорт, т.б. нысандарды салуға кеткен шығынның орнын толық толтыруға мүмкіндік береді, – деп санайды қала әкімі.
Осыған орай, өткен кезеңдерде негізі қаланған табысты даму тұғырын пайдалана отырып, қала әкімдігі жаңадан жаһандық қала құрылысының үлгісін әзірледі. Астана турист, талант пен қаржы орталығының резиденттерін тарту тұрғысынан көрші (Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл) және Ресейдің жақын жатқан қалалары үшін тікелей агломерацияға айналуы керек.
Осыны есепке ала отыра, жоғарыда аталған шеберлік-жоспар Астана агломерациясын және халқының 2 млн адамға, ал шетелдік туристер санының – 1 млн, отандық туристер санын 2 млн адамға дейін өсіру мүмкіндігін ескеріп әзірленетін болады.
Қаланың тұрақты дамуы үшін жоспарда агломерацияның дұрыс үлгісі көрініс тапқан. Ол кең ауқымды азық-түлік белдеуін – фермерлік шаруа қожалықтарын, жылыжайлар желісін, қайта өңдеу қуаттарын, үлкен жәрмеңкелерді қамтиды. Мұның бәрі ішкі миграцияның толқындарын, яғни жұмыс орындарының ашылуын және қаланы азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді қолайлы реттеудің жолын ашады. Сондықтан елорданы газбен қамтамасыз ету мәселесінің оң шешілуі осы жоспарларды жүзеге асыру үшін аса маңызды.
Әкімдік Астана қаласы бойынша туристификация жүргізеді. Бұл ретте жаңа қонақүйлер, әуежай, теміржол вокзалы құрылыстарына қоса, туристік тұрғыда тартымды болатын мынандай нысандарды құруды жалғастырады: жаңа жеңіл атлетикалық манеж, жекпе-жек сарайы, қазіргі заманғы өнер музейі, ботаникалық бақ, технологиялық музей, ғарыш музейі, жаппай жою қарулары музейі, Бозоқ шығыс қаласы және басқалары.
Бірінші кезеңде оқиғалық, эко және этнотуризм шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарланып отыр. Сондықтан әкімдік ай сайын мейлінше экономикалық жағынан тиімді болатын әрі табыс түсіретін мәдени, медицина, спорт, ғылым, білім салалары бойынша халықаралық дең­гейдегі және бірқатар аймақтық 2-3 шара өткізуді көздейді.
Қолданыстағы спорттық және мәдени кластер нысандарын айрықша назарда ұстау керек. Осындай нысандарды тиімді басқару мақсатында әкімдік ірі халық­аралық спорт жарыстарын және әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуымен өтетін шоуларды ұйымдастыру үшін «Астана Арена», «Алау» және «Барыс Арена» спорттық нысандарын басқаруға білікті менеджерлерді тарту жөнінде халықаралық конкурс өткізеді.
Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап астаналық мәртебені айшықтайтын және көршілес аймақтардың тұрғындарын да тартатын мәдени шараларды қамтитын демалыс күні бағдарламасы әзірленетін болады.
Осы шаралардың бәрі Ресейден, Орталық Азия елдерінен, Кавказдан, Ираннан, Қытайдан тұрақты түрде туристердің келуіне септігін тигізіп, сол арқылы қонақүйлер мен мейрам­ханаларға келушілер санын арттырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, Астананың саяси орталық екенін, онымен қоса, мемлекеттік басқару секторының қызмет көрсету секторын дамыту үшін серпін беріп отырғанын ескеріп, қалада өткізілетін түрлі халықаралық форумдар мен конференциялардың ұйымдастырушыларын көтермелеудің де болғаны жөн болады.
Туристерді Астанаға тарту үшін қа­ла­ның бірнеше жерінде көне кесене үлгісімен тарихи ескерткіштер мен сәулетті және монументалдық мән-мағы­наға ие ғимараттар салу жоспарланып отыр. Солардың бірі көшпенділердің әлемдік деңгейдегі таңғажайып музейі болмақ. Көшпенділердің ұзақ жылғы өркениетінен сыр шертетін әлемдегі жалғыз рухани ордаға айналар бұл музей алыс-жақыннан ағылатын қонақтардың көзайымы болары сөзсіз.

cw4pgr9kxlfkmk3vq45kezif6o8aj7

«Астана» корпорациясы
Астана өңірлік ірі қаржы орталығы болуды алдына мақсат етіп отыр. Бұл – Қазақстанның елордасын жаһандық шаһарға айналдырудың алғышарты. Халықаралық қаржы орталығын іске қосу Астананы еліміздегі және макроөңірдегі капитал нарығын дамытатын жалғыз әрі алдыңғы қатарлы тартымды алаңға ай­налдыруға мүмкіндік береді.
– «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында шамамен 20 мыңдай жоғары білікті шетелдік маман келеді деп күті­луде. Сондықтан Астана жаңа жаһандық шаһар ретінде шетелдік мамандар мен олардың отбасылары үшін достық пейілде болуы керек, бұл дегеніңіз – халықаралық стандарттарға сай келетін ағылшын мектептерін, балабақшаларын, емханаларын құру және олардың жайлы өмір сүруіне арналған басқа да жағдайларды жасау деген сөз. Халықаралық қаржы орта­лығын жүзеге асыру үшін мына жағ­дайларды жасауымыз керек: «ашық аспан», жеңілдетілген миграциялық заң, тәуелсіз реттеуші және сот органы. Қаржы орталығын толық көлемде іске асыру және тиімді дамыту үшін Қаржы орталығын дамыту тұжырымдамасына бірқатар қосымша түзетулер енгізу керек. Біз ұсынған шешімдер ҚР Үкіметінде талқылауда жатыр, – дейді осы мәселеге қатысты қала әкімі.

1448864718_2069371880
Қазіргі күні Master of finance мектебін ашу туралы Назарбаев универ­сите­тімен келісімге қол жеткізілген. Бұл – қаржы саласына тиісті мамандар даярлайтын магистратура. Қолға алынған шаралардың барлығы осы аумақтар базасында (Қаржы орталығы, ЭКСПО, сулы-жасыл желекжолы бойындағы сол жағалау, аэропортқа дейінгі медициналық, спорттық кластер) жаңа технологиялар қағидатымен жұмыс істейтін болашақ қаласын, 2020 жылға қарай тікелей шетелдік инвестиция көлемін екі дүркін өсуін қамтамасыз ететін жаһандық қала моделін құруға мүмкіндік береді.

Астана өңірлік ірі қаржы орталығы болуды алдына мақсат етіп отыр. Бұл – Қазақстанның елордасын жаһандық шаһарға айналдырудың алғышарты. Халықаралық қаржы орталығын іске қосу Астананы еліміздегі және макроөңірдегі капитал нарығын дамытатын жалғыз әрі алдыңғы қатарлы тартымды алаңға айналдыруға мүмкіндік береді

Шаһар басшысының айтуынша, «Астана – жаңа жаһандық ақылды қала» моделін жүзеге асыру үшін біре­гей шаралар легін қабылдау маңызды. Соның ішінде авиахабарламаны кеңейту керек. Астанада әзірше 16 елмен авиа­хабарлама бар. Енді ірі мегаполистер мен қаржы орталықтарына күнделікті ұшатын халықаралық рейстер қажет (Лондон, Франкфурт, Токио, Шанхай, Дубай, Цюрих және басқалар), Ресейдің, Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Иран елдерінің жақын орналасқан өңірлерімен байланысып, туристер мен инвесторлар Астанаға кедергісіз келіп жетуге жағдай жасалу да өзекті мәселе.
Бұған қоса, халықаралық авиациялық хаб құру, «кіру қақпасын» оңайлату, шетел азаматтарын тіркеу мен виза алуды жеңілдету, шекара мен кеден қызметтері жұмыстарын жетілдіру де күн тәртібінде тұр.

Шенеуніктер жауапкершілігі
Бүгінде Астана қаласының әкімдігі елорданы дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу үстінде. Онда негізгі басым бағыттарды орындап, өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылататын нақты қадамдар көрсетілген. Осыған байланысты елорда әкімі өзінің орынбасарлары мен барлық құрылымдық бөлімдердің басшыларына іс-шаралар жоспарына қатысты ұсыныстарын дайындап, онда айтылған міндеттерді мінсіз атқаруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
– 2017 жылға арналған мақсатты индикаторға қол жеткізу туралы жаңа меморандумға қол қойылды. Осы құжатта айтылған мақсат-міндетке қол жеткізу жұмыс­тарын ұйымдастыруға әрбір мемлекеттік мекеме басшысы жеке жауапкершілік алады. Құ­рылымдық басқармалар қан­шалықты тиімді жұмыс атқарғаны осы меморандум индикаторларына қол жеткізу нә­тижелерімен бағаланатын болады. Жұмыстың нәтижесі бойын­ша бюджеттік жоспарлау мен инфрақұрылымдық жобалардың тиімділігі аса жоғары еместігі, осыдан келіп қаржыны қайта бөлу маңызды екені байқалды. Барлық бюджеттік бағдарлама әкімгер­леріне жобалау тиімділігін арттырып, ведомствоаралық өзара іс-әрекетті нақты жолға қою үшін жобаларды басқару жүйесі арқылы жұмыстардың орындалу уақыты қатаң сақталуын қадағалауды тапсырамын, – деп атап өтті Әсет Исекешев.
Елорда әкімі көпшіліктің назарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесіне тағы бір аударып, бұл қазіргі жағдайдағы тиімді қаржы тетігі екенін айтты.
– Осы бағыттағы жұмыстарды бел­сенді жүргізу үшін әкімдікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бірыңғай орталығы құрылды, – деді Әсет Өрентайұлы.
– Әкім орынбасарларына барлық құ­рылымдық бөлім басшылармен бірлесіп, мемле­кеттік-жекеменшік әріптестік құжаттамаларын әзірлеуге қажетті барынша басымдыққа ие жобаларды іріктеп, жоғарыда аталған тізімдерді қарастыруды тапсырамын. Біз барлық белгіленген жобаларды жүзеге асыра бастаймыз. Сондықтан құрылымдық бөлімдер мен оған қарасты кәсіпорындар басшылары қызметті жеткізушілерді таңдау бойынша мем­лекеттік сатып алуларды өткізу барысында ашықтықты қамтамасыз етуге тікелей жауапты. Жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселесіне байланысты бұған дейін де жиындар өткен. Сонда да болса қайталап айтамын: конкурстық комиссияның құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкіл­дерін, депутаттар мен тәуелсіз сарапшыларды енгізуді тапсырамын.
Әкім, сондай-ақ, ақпараттық технологияларды, процесті автоматтандыруды және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, бұл салада ашықтық пен жылдамдықты қамтамасыз етуге айрықша маңыз берді.
Тексеріс қорытындысы көрсеткендей, құрылымдық органдар мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетпеген жағ­дайлар бірнеше рет анықталған және интернет-ресурстарда ақпараттар толыққанды емес немесе шындыққа жанаспайды. Бұған қоса, ақпараттық жүйе жұмысындағы кідірістердің болып тұруы, мемлекеттік қызметті көрсетудегі реттіліктің бұзылуы да кездескен. Осыған байланысты бас шаһар басшысы құрылымдық бөлімдер басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, жұмыс тәртібін белгілеу бойынша жұмысты күшейтіп, интернет-ресурс­тарды тиісті контенттермен қамтамасыз етуді, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашу арқылы тұрғындармен кері байланыс орнатуды, олардың талап-ұсынысына жедел жауап қайтаруды тапсырды.
Астана әкімі жобаларды басқару жүйесін енгізу барысында «Аstana Innovations» АҚ базасында жобалардың бірыңғай құрылымдық портфелін қалыптастыруға бағытталған Жобалық кеңсе құрылғанын, онда апталық есеп беруді ұсынуға жүйелік мониторинг жүргізілетінін жеткізді.
– Осыған байланысты мысал келтіре кетейін: былтыр әкімдіктің құрылымдық бөлімдері өзара келісіп алмағанның салдарынан Қабанбай батыр даңғылы бойында жүргізілген жөндеу жұмыстары ірі көлік кептелісін және халықтың наразылығын туғызды. Қазіргі таңда 12 құрылымдық бөлімнің қызметкерлері әлі күнге әдістемелік жобалық тәсіл­­демеден өткен жоқ және 26 басқар­ма­ның тек 4-еуі ғана жобаның төлқұжаты мен жоспарын өткізді. Сондықтан бар­лық мемлекеттік орган басшыларына қызметкерлерін оқытуға белсенді атсалысып, жобалардың төлқұжатын жа­сауға және оларды жүзеге асырудың ба­­рысы туралы есептік ақпараттарды ұсынуға жауапты маман бекітуді тапсырамын, – деп ескертті әкім.
Әсет Исекешевтің пікірінше, әлеу­меттік сауалнамалар нәтижелерін, тұрғындар мен қоғамдық кеңес пікірін есепке ала отырып, тиімді бағалауды жүзеге асыратын «Қала-корпорация» сипатындағы басқару моделіне көшуіміз керек.
Елорда әкімі Президент Әкімшілігі және ҚР Үкіметі жүктеген міндеттерді бұлжытпай атқаруға жұмылып, тұр­ғындардың көкейтесті мәселелерін шешуге бағытталған жобалар мен бастамаларды мерзімінде сапалы орындауды тағы бір мәрте еске салды.
– Қазіргі таңда арнайы сараптама жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тиісті мерзімді бірнеше рет бұзған құрылымдық бөлімдердің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Барлық мемлекеттік орган үйлесімді жұмыс істеп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің жоғары деңгейде орындалуына жұмылуы керек, – деп сөзін түйіндеді әкім.

7

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды