«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалықтар есе қайтарды

0 44

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасында Ресейден келген «Химки» командасынан басым түсті.

Қонақтар қатарында Алексей Швед, Томас Робинсон және Энтони Гилл секілді тісқаққан ойыншылары келмеді. «Астананың» да құрамы толық болмады. Команда көшбасшысы Джастин Картер, Рустам Ерғали және Рустам Мырзағалиев жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады.
Бұл кездесуде елордалықтардың қарсыластан еңсесі биік болды. Алаң иелері ойынның үш кезеңінде де «Химкиден» бір бас жоғары тұрды. Нәтижесінде 84:79 есебімен жеңіске жетті.
«Астана» сапынан Малькольм Грант пен Ике Удано 16 ұпаймен ең нәтижелі ойын көрсетті.
«Астана» «Химкимен» болған бұған дейінгі ойында қарсыласқа 72:71 есебімен есе жіберген еді. Енді соның қарымтасын қайтарды.
ВТБ бірыңғай лигасы шеңберіндегі келесі матч сырт алаңда 18 наурыз күні «Нижний Новгород» клубына қарсы өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды