«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалықтар еңбегі еленді

0 57

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін қоғам белсенділерін марапаттады.

Салтанатты шарада Бақыт Сұлтанов жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, еліміздің, қаламыздың дамуына, гүлденуіне елеулі үлес қосып, талмай, адал қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.
– Осы залда қаланың дамуына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, ардагерлер, дәрігерлер мен депутаттар, бизнес өкілдері және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері отыр. Барлығымызды біріктіретін күш – Астанаға, мамандығымызға, өз ісімізге деген сүйіспеншілік. Сіздердің арқаларыңызда біздің қала дамып, гүлденуде, – деді Бақыт Сұлтанов. – Мемлекеттік марапатқа ие болу ол – сол адамның өз саласында биік жетістікке жетіп, өз ісіне адалдық пен еңбекқорлық және одан да биік белестерді бағындыруға құлшынысының көрінісі. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, амандық, тұрақтылық, өркендеу және еліміздің игілігі үшін жемісті қызмет тілеймін.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте, қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени саласының дамуына еңбек сіңірген азаматтар «Парасат», «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Сонымен қатар қала басшысы бірқатар мамандарға «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды