«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарға квота бөледі

0 11

Елордалық жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 50-ден 100 адамға дейін – 2 пайызға, 100-ден 205 адамға дейін – 3 пайызға, 251-ден жоғары болса 4 пайызға дейін жұмыс орындарына квота бөледі.

c-11

Сонымен қатар, жұмыс орындарына квота анықтау қызметі бойынша есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын адамдарға 1 пайыз көлемінде жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.
Осыған байланысты Астана қаласының жұмыс берушілері тоқсан сайын жұмыс орындарының саны мен квотаны орындау туралы мәліметтерді Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәлімет­терді қабылдау порталына (www.cz.e–akimat.kz) есеп беру ақпаратын өткізуі тиіс.
Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың айтуынша, бекітілген квоталар халықтың әлеуметтік осал топтарының еңбек нарығында өз орындарын табуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды