«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық жастар ерледі

0 22

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елордалық мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби пікірсайысшы студенттер арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында өңірлік турнир өткізді.

 Пікірталасқа 44 команда қа­тысты. Нәтижесінде Астана қаласы әкімдігінің қызметкері Ержан Еңсебай мен Еуразия ұлттық университетінің сту­денті Жазира Өмірзақ басым болып, республикалық додаға жолдама алған болатын.
Агенттік жақында «Парасат­тылық және заң үстемдігі – ұлт­тың табысты болуының кепілі» атты әкімшілік-мемлекеттік қызметшілер және студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирін өткізді. Оның финалына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов және белгілі қоғам қайраткерлері төрелік етті.
Екі күнге созылған пікір­сайыста «DARABOZ» атымен өнер көрсеткен елордалықтар жеңімпаз атанды. «Астана Дарыны-2017» жастар сыйлығының «Үздік мемлекеттік қызметші» аталымы бойынша жеңімпазы Ержан Еңсебай мен «Оратор» дебат клубының мүшесі Жазира Өмірзақ жеңістерін Астананың 20 жылдық мерейтойына арнады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды