«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық түнгі сот 4 мыңға жуық іс қарады

0 23

Елордадағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта былтырғы жылғы маусым айынан бастап «Түнгі сот» іске қосылды. 9 айдың ішінде «Түнгі сот» 4 мыңға жуық әкімшілік іс қарады.

Істердің басым көпшілігі  жүргізушілердің  адам денсаулығына жеңіл түрдегі залал келтірумен, көлік құралдары немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келетін жол-көлік ережелерін бұзумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты (ҚР ӘкҚбК-нің 610 бабы).

2018 жылғы қазан айының ортасынан бастап «Түнгі сот» отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттермен (ҚР ӘкҚбК-нің 73, 73-1, 73-2 б.) және көші-қон заңнамасымен байланысты (ҚР ӘкҚбК-нің 517 бабы) істерді қарай бастады.

Көп жағдайда тұрмыстық даулармен ұштасқан істер бойынша екі жақ татуласып жатады.

Түнгі сотта материалдар шұғыл қаралады, ал бұл өз кезегінде  өздеріне қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін хаттама толтырылған шетелдіктердің кешігусіз және қосымша шығынсын еліне оралуына мүмкіндік береді.

Түнгі сотта әкімшілік істер сағат кешкі 18.30-дан түнгі 22 сағатқа дейін қаралады. Мұның өзі азаматтар үшін күнделікті күйбің тіршілікке кедергісіз, қолайлы уақытта істі қарауға септігін тигізеді.

Шолуларға жасалған талдау нәтижесі сотқа келуші жақтарды  сақтандыру төлемдерінің қысқа мерзімде алу мәселесінің шұғыл шешілетіні қанағаттандыратыны көрсетті. Яғни, сот қаулысының заңды күшіне енгеннен кейін үш немесе 5 тәулік ішінде сақтандыру соммасын қолдарына алады, ал ол азаматтарға материалды залалды орнына толтыруда таптырмас көмек.

Қысқа мерзімнің ішінде «Түнгі сот» өміршеңдігі мен халыққа қажеттілігін көрсетіп, қақтығыс деңгейін төмендетті, халықтың оң пікіріне ие болып, тиімділігін көрсетті.

 

Ботагөз БАЯНОВА,
Нұр-Сұлтан қалалық
сотының баспасөз хатшысы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды