Вторник, 26 Сентябрь 2017
-->

Елордалық оқушылар нақты ғылымдар бойынша халықаралық олимпиададан олжамен оралды

Астаналық жеті мектеп оқушысы 12-18 қаңтарда Алматыда республикалық физика-математикалық мектептің базасында өткен Жәутіков атындағы ХІІІ Халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

c-10

Олимпиадаға қатысушылар математика, физика және информатика пәндерінен жарысты. Бұл жеке рейтингті және жақын және алыс шетелдердің мамандандырылған мектептерінің ең мықты командаларының рейтингін құруға арналған бірегей алаң, деп есептейді «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының мамандары.

Шараға Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Чехия, Грузия, Қырғызстан, Монғолия, Румыния, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан сияқты 15 мемлекеттен барлығы 401 оқушы қатысты.

Астана қаласының командасы бірнеше аталым бойынша алтын және қола медальдарға ие болды. Дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Санжар Бидайбек информатикадан алтын медаль иеленсе, осы пән бойынша күміс оныншы сынып оқушысы Рауан Омаровқа бұйырды. Математикадан қола медаль ҚТЛ 10 сыныбының оқушысы Әлихан Құдайбергеновтың және оның сыныптасы Айбар Ошақбаевтың еншісінде. «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оныншы сынып оқушысы Нұрдәулет Кемел физикадан күміс медаль иеленді. Осы мектептің 11-сынып оқушысы Ажар Смағұлова математикадан үздік білім көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Ал дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 10-сынып оқушысы Мейрам Серікболсын математикадан қола алқа тақты.

astana.gov.kz.

Print Friendly, PDF & Email
ru.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*