«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық аула клубы – күміс жүлдегер

0 14

Степногорск қаласында спорт мектептері мен аула клубтары арасында футболдан Тәуелсіздік күніне арналған республикалық жарыс өтті. Нұр-Сұлтан қаласының «Эверест» аула клубы командасы күміс жүлдегер атанды.Жыл сайын «Бөгенбай батыр атындағы Ақмола облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі мен «Жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрахманов атындағы Қор» қоғамдық ұйымы өткізетін турнирге биыл 2008-2009 жылы туған балалар шақырылды. Күні бойы жасыл алаңда доп ойнаған жөсөспірім футболшылар бәсекесінде ұпай санымен екі команда тең түсіп, атап айтқанда, Степногорск қаласының «Батыр» балалар мен жасөспірімдер кешені және Нұр-Сұлтан қаласының «Эверест» аула клубы көш басынан көрінді. Жарыс ережесіне сәйкес турнир жеңімпазы пенальти арқылы анықталды. Бұл сында алаң иелерінің жолы болып, дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанса, «Астана жастары» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Эверест» аула клубы командасы күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынды жергілікті «Ақсу» командасы мен Қорғалжын ауданының «Әлім» командасы бөлісті.
Дәстүрлі турнирдің үздік ойыншысы болып елордалық Шыңғыс Қоштан мен степногорлық Станислав Иващенко танылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, дип­лом және медальдар табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды