-->

Елордалық 80 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды

Астанада республикалық олимпиадаға қатысатын құрама команданың жеңімпаздарын марапаттаудың «Жұлдызды Олимп-2017» салтанаты өтті.

c-2

Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-11- сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңі қатысушыларға тың серпін берді. Олимпиадаға 837 оқушы қатысып, 310 оқушы «Олимп» шыңына шықты, соның ішінде 51 оқушы – І орын, 100 оқушы – ІІ орын, 159 оқушы- ІІІ орын алды.

Жалпы, білім беру мекемелерінің арасында жаратылыстану-математика бағытында «Нұр орда» мектеп-лицейі, қоғамдық-гуманитарлық бағытта №6 гимназия көш бастады.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік команда-2017» аталымына 5 жыл қатарынан дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі ие болып келеді. Сонымен қатар «Жаңа есім» номинациясында математика пәнінен 9-сыныптар арасында ең жоғары балл жинаған дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Дүйсенбек Данат марапатталды.

Республикалық олимпиада наурыз айының 14-30 аралығында өтеді.

astana.gov.kz.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*