«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордаға кіретін түсім көбейді

Елімізде 2019 жылдың 1-ші жарты жылында салық және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 103 пайызы орындалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда - 556 миллиард теңгеге артық көрсеткіш. Ол туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

0 15

Жалпы,республикалық бюджеттің 101 пайызы және жергілікті бюджеттің 108 пайызы жүзеге асты. Шикізаттық емес сектордан түсім 8 пайызға артып, 2,9 триллион теңгені құрады. Шағын бизнес субьектілерінен 1,9 миллиард теңгеге дейін өсті (16,6 пайыз).
Ал, Нұр-Сұлтан қаласының салық түсімдері 526 миллиард теңгеге теңелді. Оның ішінде кедендік түсімдер көлемі – 80 миллиард теңгеден асты. Бұл елдегі салық түсімінің 20 пайызы. Бұл тұрғыда елордаға кіретін түсімдердің жыл сайын көбейіп келе жатқаны байқалады. Өйткені, елордада тұрғындар саны да, бизнес нысандары да жылдан жылға артып келеді.
Салықтық берешекке келетін болсақ, 1,4 миллион қазақстандықтың салықтық қарыздары 14 миллиард теңгеден асады. Ал оған есептелген айыппұлдар мөлшері 6,5 миллиард теңгеге жеткен.
Орайы келгенде азаматтардың табысын декларациялау туралы айта кеткен жөн. Декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары жаңа форматта декларация тапсыра бастайды. Бұл 2021 жылы басталады. Осылайша, ол кезең-кезеңмен бүкіл салық төлеушілерді қамтитын болады.
Мәселен, егер иелігіңізде қымбат тон болса, оның сатуды жоспарласаңыз, міндетті түрде декларациялауыңыз керек. Ал егер оны сатып, пайда табуды ойламасаңыз, яғни өзіңіз киетін болсаңыз, декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Бұл талап қымбат тоннан бөлек, бағалы зергерлік бұйымдар мен мал-мүлікке де қатысты. Әзірге декларациялауға жататын заттардың шектік құны белгісіз. Бұл мәселені сарапшылармен ақылдасып жатырмыз,-деді комитет төрағасы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды