«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордада көмір қымбаттамайды

0 14

Елімізде биыл жылу беру маусымына дайындық жұмыстары 15 қазанда толық аяқталады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Жылумен қамтамасыз ету жұмысының ойдағыдай орындалуына және көмір тапшылығынан туатын келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін дайындық жұмыстары шілде айынан басталған. Соның нәтижесінде, қазірге дейін 10212 қазандық, 4,8 мың шақырым жылу желісі, 14.5 мың шақырым су желісі жаңартылып, жөндеуден өткізілген. «Жылумен қамтамасыз ету дайындық жұмыстары ­қауырт­ жүргізіліп жатыр. Елдегі білім беру орындары 1 қазаннан бастап жылыту маусымына қосылуға 99,6 пайыз дайын. Қалған нысандар 15 қазанға қарай толық дайын болады. Ел бойынша 10,4 млн тонна көмір қажет болса, бүгінде қорда 4,9 млн тонна көмір дайын» деді Қайырбек Өскенбаев.
Қайырбек Өскенбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы көмірдің бағасына да тоқталды. «Жылу беру маусымында көмір бағасының негізсіз қымбаттап кетуінің алдын алу үшін, көмір бағасына бақылауды күшейтеміз. Мәселен, елордада Шұбаркөл көмірі – 11400, Екібастұз көмірі – 9500, Қаражыра көмірі – 13 200, Майкөбе көмірі 12000-12500 теңге шамасында болады» деді вице-министр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды