«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордада 8,6 миллион гүл егіледі

0 34

Елордада гүл егу жұмыстары басталды. Қаланың барлық аудандары көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті.

– Аудан әкімдері мердігерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейтуі қажет. Сондай-ақ қала аудандары 30 мамырға дейін гүл егу жұмыстарын аяқтап, барлық қажетті шараларды іске асыруы керек, – деді әкімдіктегі кезекті отырыста шаһар басшысының орынбасары Арман Тұрлыбек.
Оның мәлімдеуінше, биыл гүлдің рекордтық саны егіледі деп жоспарлануда. Дәлірек айтсақ, астанада 8,6 миллион гүл отырғызылмақ. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес көктемгі кезеңде қалада 14 мың ағаш егіледі. Бүгінге дейін елорданың барлық аудандары 6688 ағашты (47 пайыз), сондай-ақ бұталы қоршаудың 1450 қума метрін отырғызған.
Жиын барысында аудан басшыларына шөп шабу жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі де ескертілді.
Бұдан бөлек, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жиналғандардың назарын үйлердің маңындағы гүлзарлардың жағдайына аударды. «Қазіргі уақытта бұлардың басым көпшілігіне ешкім қарамайды. Шаң мен қоқыс жиналатын орынға айналған. Мұны ойластыру қажет, жобалау кезінде бетон немесе арнайы тас төсеуді қарастыру керек» деп түйіндеді сөзін ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды