«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда жолдарында электробус жүйткиді

0 13

Елордада қала бағдарларында қатынайтын 100 электроавтобусты сатып алу келісімшарты жасалды. Yutong маркалы бұл көліктерді «Сарыарка Автопром» ЖШС шығарған.

Бір автобустың бағасы 146,7 млн теңгені құрады. Оларды лизингке жеті жыл мерзіміне сатып алады. Келісімшарт бойынша мердігер автобустарды Astana LRT үшін жарты жыл ішінде жеткізуі керек. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустар жыл аяғына дейін қала жолдарына шығатынын айт­қан болатын.
«Astana LRT» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың ақпан айында №1 автопарк базасында электробус сынақтан өткізілген. Оның батареясы 250 шақырымға жетеді. Батарея 10 жылға шыдайды. Сынақ -38 градус температурасында өткізіліп, жақсы нәтиже көрсетті. Дизельге қарағанда электробустардың шығыны әлдеқайда төмен болады.
Электробустардың жалпы сыйымдылығы 73 адамнан кем емес болады. Соның ішінде жолаушылар отыратын орындар 30-дан аз емес. Көліктер -45-тен +45 градусқа дейінгі температураны көтеруі тиіс. Қызмет ету мерзімі – 12 жыл.
Әр орындықтың жанында мобильдік құрылғыларды қуат­тайтын USB-порттар орнатылады. Бұған қоса, жолаушыларды тегін Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуге талап қо­йылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды