«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда жайлы үздік ән

0 13

Бір жарым ай бұрын, дәлірек айтсақ, 27 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда туралы үздік әнге шығармашылық байқау жариялаған болатын. Кеше аталған жарыс қорытындыланып, үздік ән авторына 3 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Жеңімпаз – елімізге белгілі «Азия» тобы. Топ мүшелерін шаһар басшысының орынбасары Ерлан Каналимов марапаттады.
– Бұл сайыс астаналықтарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, сондай-ақ қаланың ең үздік нышандарын жасау және ұлттық өнерді дамыту мақсатында өткізілген-ді. Үміткерлерге қойылған басты талап – ән бұрын көпшілік алдында орындалмаған болуы тиіс. Келіп түскен жұмыстардың ішінде «Азия» тобының орындауындағы елорда жайлы жаңа әнді қазылар алқасы үздік деп таныды, – деді ол.
Айта кетейік, байқауға 36 жұмыс қабылданып, оның 31-і іріктеуден өткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды