-->

ЕЛОРДА ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

01-9-asli

Өткен жексенбіде джиу-джитсудан ерлер және әйелдер арасында елорда чемпионаты өтті. Татамиге шыққан 90-нан аса қатысушы өзара мықтыларын анықтады. Үздіктері алдағы Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi халықаралық турнирінде және ҚР Кубогында Астананың намысын қорғайтын болады.

Бұл қалалық біріншілік республикалық және халық­аралық көлемдегі турнирлерге іріктеу сайысы болып саналады. Соның бірі 26 ақпанда елімізде алғаш рет Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship халықаралық турнирі жалауын желбіретеді.
– Спорттың бұл түрі соңғы кезде жақсы қарқынмен дамуда. Бұған біздің сайыскерлердің Азия құрлығындағы және әлем­дік деңгейдегі нәтижелері дәлел. Сондай байрақты бәсе­келер­дің бірі Қазақстанда ұйымдас­тырылатыны мүмкін­дігімізді арттыра түседі. Ха­лықаралық турнирдің қоры­тындысы бо­йынша 10 үздік спортшы Абу-Дабиде өтетін чемпионатқа жол­дама алады, – деді елордалық Джиу-джитсу федерациясының президенті Саят Ержанов.
Астанадағы іріктеу турнирінің жеңімпаздары төрт бөлім бойынша анықталды. «Неваза» жүйесі бойынша күш сынасқандардың ішінен Дархан Нортаев, Георгий Шония, Азат Мырзабеков, Аяп Қадыров, Берік Сүлейменов, Азамат Мырзақұлов, Рамазан Мырзатай, Мөлдір Мекенбаева
және Мархабат Қуатбекова жеңімпаз атанды.
«Файтинг» жүйесі бойынша үздік шыққандар – Еламан Әлжанов, Рүстем Беркімбай, Еділбек Абжалбеков, Ардақ Ра­йымбеков, Абылайхан Әріпхан, Азамат Мырзақұлов, Асқар Құлакеев, Ботагөз Дүйсембаева, Әсел Әшірханова.
«АДС Комбат» жүйесінің чемпиондары – Алибек Матбаев, Диас Еренгайпов, Мирас Узденбеков, Магамед Кабардиев, Абылайхан Әріпхан, Азамат Мырзақұлов, Асқар Құлакеев, Ирина Бабаева, Жарқынай Күшкімбаева.
Ал «Дуо» жүйесі бойынша бәрінен Қанат Домағамбетова мен Марк Быстров мықты болды.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*