«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЕЛОРДА САҚШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛ БІЛІМІ ТЕКСЕРІЛДІ

0 57
Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Do you speak English?» викторинасында ағылшын тіл білімдерін тексерді, мұның алдында олар ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде тіл үйрену курсынан өткен. Полиция қызметкерлерінің ауызша және жазбаша тіл дағдылары тексерілді. Викторинаның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
c-2

«ЕХРО-2017 қарсаңында елорда полициясының жеке құрамына қонақтардың қауіпсіздігін және нысандардың күзетілуін қамтамасыз ету, және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында қойылған міндеттерді орындау тиімділігі үшін жауапкершілік артылған», – деп мәлім етті Астана қ. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров.

Қазіргі кезде елорда полициясының 500-ден аса қызметкері ағылшын тілін меңгеріп шықты. Курстар аптасына үш рет лингафондық құрал-жабдықтары бар кабинетте өткізіледі және оған ағылшын тілінде сөйлеу ережелерінің бағдарламасы енгізілген. Тәртіп сақшыларын жоғары білікті педагогтар оқытады, олар полицияның тілдік спецификасына бағытталған оқыту әдістемелерін пайдаланады, бұл шетелдік азаматтардың өтініштеріне жедел түрде жауап қатуға мүмкіндік береді және полицияның имиджіне оң әсер етеді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды