«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда рәміздерін кім жасайды?

0 24

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаланың әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады.

Патриотизм сезімін асқақтатып, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді ұлықтау және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізілетін бұл байқауға кәсіби және әуесқой композиторлар, ақындар, музы­калық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретші­лер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары өз шығармаларын жібере алады. Байқау 2019 жылғы 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Әндерді кез келген жанрда және әртүрлі орындау­шылар үшін жазуға болады. Байқауға берілген әндер бұрын жария­ланбаған болуы шарт саналады. Байқау­дың жеңімпазы дипломмен және 3000000 теңгемен марапат­талады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды