«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда оқушылары ерледі

0 56

Жақында Алматы қаласын­да ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігі мектеп оқушы­лары ара­сында ұйым­дас­тырған X ха­лық­аралық Еуразия олимпиа­дасы мәресіне жетті. Бұл білім сайысы Санкт-Петер­бург­тің оптика және механика, ақ­параттық технологиялар ұлт­тық зерттеу университетімен бір­лесе өткізілді.

Жас дарындылар бә­се­кесінде Астана қа­ласының оқушылары үлкен жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, құрамында Жан Құр­банбаев, Аманбол Қа­натұлы және Манас Мәу­лен секілді оқушылар топтасқан елордалық «Spectrum: impulse» командасы I дәрежелі дип­лом және алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ олар ХІХ Бүкілресейлік командалық бағдар­ла­малау бойынша олим­пиадасының күміс жүл­дегері атанды.
Жалпы, биыл Астана оқушылары көптеген пәндік және интеллектуалды жарыстарда бақ сынап, үздік нәтижелер көрсетті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды