«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда оқушылары ерледі

0 72

Әлемнің 18 елінен 525 оқушы мен мұғалім қатысқан білім бәйгесінде Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің информатика пәні оқытушысы Эльдар Ержанов бірінші орынға ие болса, «Spektrum» халықаралық мектебінің оқушысы Жан Құрбанбаев математика жарысында алтын жүлдегер атанып келді. Сондай-ақ «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Нұрдәулет Есенгелді, Абылай Ашкен, Мәрлен Раушанов күміс жүлдеге ен салса, Шыңғыс Каришев, Сұлтанәли Сейдалы және Манас Мәуленнің білімі қола медальмен бағаланды. «НұрОрда» лицейінің үш оқушысы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, ұстаздарын қуантты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды