«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда көрінісі – архив құжаттарында

0 9

Бас қаладағы Ұлттық архивте «Елорда бейнесі – архив құжаттары мен сирек басылымдарда» атты көрме ашылды.

Көрмеге қойылған құжаттардан елорданың кешегі мен бүгінгі тарихынан сыр шертетін дүниелер көбірек қамтылған. Әсіресе, өткен ғасыр басындағы Ақмоланың тарихына шолу жүргізген деректермен жақын таныса аласыз. Сондай-ақ алғаш рет келушілер назарына Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Рес­публикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» №6 Жарлығы ұсынылды. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» (1991 жылғы 16 желтоқсан) Конституциялық заңы,
«Қазақстан Республикасының астанасын ауыс­тыру туралы» Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы (1994 жылғы 6 шілде), «Қазақстан Респуб­ликасының аста­насы туралы» Қазақстан Республи­касы Прези­денті­нің Жар­­лығы (1995 жылғы 15 қыр­күйек) секілді ма­ңыз­ды құ­жаттар қойылған.
Шараның ашылуында Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев көрменің маңызы мен елорданың айшықты келбеті жайында ой өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды