«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда экономикасына 20 жылда 9 трлн теңге салынды

0 17

«Жаһандық Жібек жолы – қала мэрлерінің форумы» атты панельдік сессияда Жібек жолының бойындағы елдердің экономикалық ынтымақтастығы, қалалық туризм мен сауданы дамыту, экологиялық мәселелерді оң шешу, шағын және орта бизнесті өркендету, smart-city техноло­гия­ларын енгізу сияқты мәселелер кеңінен талқыланды.

Жібек жолы елдері қалаларының форумы Үкімет және қала басшыларының, аймақ-қалалардың жаңа өсім сапасын қалыптастыруға арналған салалық сарапшылардың бірегей алаңы болып саналады. Осы сессияның ашылуына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Астана экономикалық форумы алаңында әлемдегі қалалар мен елдерді алаңдатқан аса келелі мәселелерді ашық талқылауға тамаша мүмкіндіктер барын атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды