-->

Елорда аумағында қар жинау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Үстіміздегі жылы жауын-шашынның мол түсуіне орай қалалық коммуналдық қызметтермен механикаландырылған жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде.

fe9d990fdadb77070e03d1c62d0

Елорда аумағын санитарлық тазарту жұмыстары белглі бір механизм бойынша кезең-кезеңмен жүргізіледі:

Бірінші кезең қар молынан жауғанда қолға алынады. Тырмалы-щеткалы қондырғымен жабдықталған арнайы машиналар қарды жолдың жиегіне жинайды;

Механикаландырылған жинаудың келесі кезеңінде автогрейдерлер жұмысқа кіріседі. Олар жиналған қарды үйіп тастайды.

Содан кейін табанды тиегіштердің көмегімен қар КАМАЗ-дарға салынады.

Ең соңында қар Железнодорожный кентінде, «Қосшы» ауылының маңында «Рубеж» бекетінің сыртында және Астраханка тас жолындағы полигонға шығарылады.

Күшейтілген режимде жұмыс істегенде қар қала аумағында орналасқан уақытша қоймалау үшін арнайы станцияларға шығарылады.

http://astana.gov.kz.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*