«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Elorda Aqparat» ұжымында – жаңа басшы

0 42

Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов «Elorda Aqparat» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен таныс­тырды.

Жарқын Түсіпбекұлы ­Жұмаділов – танымал журналист, саясаттанушы, саяси ғылымдар магистрі. Әр жылдары «Алаш айнасы», «Жас қазақ» газеттерінде саяси шолушы, «Ұлт Times» газетінде бас редактордың орынбасары, Қазақ радио­сында редактор-жүргізуші, «Қазақстан» телеарнасында шеф-редактор, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегия­лық зерттеулер институтында сарапшы, «Nur Otan» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөлімінде жетекші қызметтерін атқарды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды