«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Біздің 30 жылдығымызға – БАҚ лига

0 16

«Elorda Aqparat» ЖШС-ке қарасты «Astana аqshamy» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдығы аясында журналистер арасында шағын футболдан БАҚ лиганың VII маусымы басталды. Онда 16 команда чемпиондық атақты сарапқа салады.24 қарашадан бастау алған біріншілік 2020 жылдың сәуір айына дейін жалғаспақ. Ұйымдастырушылар 16 команданы А және Б лигасына тең бөлді.
А лигасы: National Geographic Kazakhstan, Kazakhnews.kz, Egemen Qazaqstan, Қазмедиа, Хабар, Спорт 59, Qazaq radiolary, Астана ТВ.
Б лигасы: Мазмұндама, Elorda Aqparat, Қорғаныс министрлігі, Қаламгер, Qsport.kz, Qazsport, Aiqyn-Литер, Хабар 24.
Қазақ футболының аңызына айналған Сейілдә Байшақов, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Жарқын Жұмаділов, «Егемен Қазақстан» басылымының басшысы Дархан ­Қыдырәлі журналистер додасының ашылу салтанатына қатысып, жылы лебіздерін білдірді.– «ElordaАqparat»-қа қарас­ты Нұр-Сұлтан қаласының қос газеті «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астананың» 30 жылдығы аясында өткізілетін бұл мау­сым да өзіндік ерекшелігімен, қызықты сәттерімен есте қалады деп сенемін. Ел газеті «Егемен Қазақстан» 100 жылдығының аясында лигаға демеу болып, бізге үлгі көрсетті. Аға басылымнан эстафетаны біз қабыл алдық. «Elorda Aqparat» турнирге қатысып қана қоймай, жарыстағы жолын «өзіміздің турнир!» деген мақтанышпен бастады, – дейді Жарқын ­Жұмаділов.
Алғашқы турда «Elorda Aqparat» ұжымы еліміздің басты спорт арнасы Qazsport ұжымымен сынға түсіп, 10:1 есебімен жеңді. Командамыздың сапынан Ернар Сатанов бес голымен көзге түссе, Бексаттар ­Саттар мен Мади Искаков дубль, Аян Бекжанұлы бір доптың авторы атанды.

Бексаттар ­САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды