«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда алда келеді

0 10

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 11,6 пайызға жоғары. Ал тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі жағынан Астана қаласы (1,8 млн шаршы метр) көш бастап келеді. Екінші орында Алматы (1,3 млн шаршы метр) қаласы және үшінші орында Маңғыстау облысы (910,5 мың шаршы метр) орналасқан. Мұндай жаңалық Үкімет отырысында жария болды.
Жалпы алғанда, 2018 жылы 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр немесе 22 мың пәтер мемлекеттік инвестиция есебінен тапсырылады. Енді осыларды таратып айталық. Еліміз бойынша 3470 пәтер сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін үйлерден, 9793 пәтер несиелік тұрғын үйлерден беріледі. Қазақстан ипотекалық компаниясы сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін 1542 пәтер, жылжымайтын мүлік қоры коммерциялық және жалға берілетін тұрғын үйлерден 7282 пәтер, «Бәйтерек девелопмент» компаниясы 588 пәтер тапсырады.
Үкіметте есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2018 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млрд теңге бөлінгенін мәлім етті. Баспананы пайдалануға беру өсімінің қарқыны Шымкент қаласында, Алматы облысында байқалады.
Атап айтарлығы, жергілікті жерлерде тұрғын үй құрылысы мен қаржының игерілуі – тұрақты бақылау­да. Тұрғын үй құрылысы барынша дамып келеді. Бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құрылыстың қарқынын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды