«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЕЛМЕН ЕТЕНЕ

0 69

Әкімдік жаңа форматта жұмыс істейді. Елорда әкімдігіне қарасты басқармалар «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жолына көшті.

Енді қалалық басқармалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жұмыс істейді. Азаматтардың осында келіп, қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігі кеңінен қарастырылған. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін және кедергісіз қызмет көрсету мақсатында әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Мұнда он бес басқарманың өкілдері тұрақты түрде кеңес беріп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды