«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 46

ТӘЖІКТЕР ОРЫСША ТЕККЕ КӨШІП ЖАТЫР

Тәжікстанның жергілікті тұрғындары қайтадан орысша нұсқалы тек қабылдай бастады.

Республика үкіметі жанындағы Тіл және терминология комитетінің қызметкері Абдурахим Зулфониённің айтуынша, мыңдаған тәжік азаматы өздерінің тектері мен әкелерінің аттарына қайтадан «-вич» және «-ов (ев)» жұрнақтарын жалғап алған. «Біздің комитеттің мамандары Яван, Спитамен, Истаравшан, Шахристан және Матч аудандарында зерттеу жүргізді. Сонда олар Ресейге барып жұмыс жасап жүргендердің ол жақта қиыншылық тумас үшін өз тектері соңындағы -и, -зод, -зода, -он, -ён, -йен, -ёр, -ниё, -фар деген жұрнақтарды «орыс тектеріне» алмастырып алғандарына көз жеткізіп қайтты» деді ол.
Мұндай дәстүр қазір елдің астанасында да байқалады. Қаладағы Фирдауси аудандық АХАЖ бөлімінің бас­тығы Сайёхат Достизода өздеріне жергілікті тұрғындардың тәжікше тектерді орысша нұс­қаға ауыстырып беруді сұрап келетіндердің көбейіп кеткенін айтады.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ ІНІЛЕРІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның туған інісі Александр Саргсян Ереванның «Звартноц» әуежайында тұтқындалды.

Бұрынғы мемлекет басшысының бауыры өз отбасымен бірге Парижге ұшып кетпекші болған екен. «Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Саргсяндардың жолдарын кескеннен кейін оның пәтеріне тінту жүргізді» делінген хабарламада.
«Грапарак» газетінің жазуынша, «экс-президенттің бауыры пәтерін тінту нәтижесінде одан қару-жарақ, ақша және белгілі суретшінің қымбат картинасы алынған». Мұның артынша Серж Саргсянның тағы бір інісі Левон Саргсян мен оның ұлы Нарекке, қызы Аниге заңсыз байыды деген айып тағылды. Сот Левонды құлып астына алуға рұқсат етті.

ГҮЛЕН ТАҒЫ ДА БЕЛСЕНЕ БАСТАДЫ

Түркияда «мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті» деген айып тағылған Фетуллах Гүлен жаңа қарсылық толқынын бастауға кірісті.

Түркия қауіпсіздік ұйымының мәліметінше, «Параллель мемлекет» террорлық ағы­­мының 18 елдегі ұйым­дары жетекшілері жақында өздерінің басшыларынан осындай «тапсырма» алған. Мау­сым айының соңында АҚШ-тың Пенсильвания штатында қылмыстық құрылымның 33 басшысымен жиын өткізген Гүлен мемлекеттік төңкеріс жасаудың жаңа шараларын қолға алуға шақырған.
Ұйым басшысы Түркияда 24 маусымда президент сайлауы өткеннен кейін іске батыл кірісетін уақыт жеткенін ескерткен.
Сонымен бірге, Гүленнің қазір науқас екені де айтылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды