«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 29

Египетте бала туу шектелмек

Египет парламенті халықтың өсу көрсеткішіне заңмен шектеу қоюды көздеп отыр.

«Аль-Яум ас-Сабиа» сайтының хабарлауын­ша, жаңа заңда екі баладан көп емес отбасыларды қолдау жайы қозғалған. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камад Амер өз сөзінде бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қытай және Индонезия мемлекеттерінің тәжірибесін қолдану ісі талқыланғанын мәлім етті.
Египет билігі халық­тың өсуін осы жылдың негізгі мәселесі ретінде қарастырып отыр. Бұл елде бір жылда 2,5 млн бала дүниеге келеді екен. Болжам бойынша 2019 жылы мысырлық­тар саны 100 миллионнан асады.

Жаңа жыл мерекесі жол апатын жиілетті

Таиландта жаңа жыл қарсаңында көлік апаты ерекше көп тіркелді.

Bangkok post басылымының мәліметі бойынша мерекенің алғашқы бес күнінде 314 адам опат болып, 2848 тұрғын зардап шеккен. Ал 31 желтоқсан күнінің өзінде 569 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 72 жолаушы мерт болыпты. Жол апатының мұндай көп болуына жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізуі себеп болған. Қайғылы оқиғаның 81,62 пайызына мотоцикл жүргізушілері кінәлі болыпты.
Бір айта кетерлігі, бұл елде жаңа жыл мерекесіне орай берілетін демалыс 27 желтоқсаннан басталып, бір аптаға созылады.

Әйелдер 620 шақырым «дәліз» құрды

Үндістанның Керала штатында жергілікті әйел­дер ереуілге шықты. Оған нәзік жандылардың Айяп­па ғибадатханасына кіруіне тыйым салынуы себеп болған.

Діни ғимаратқа 10-50 жас аралығындағы әйелдердің кіріп, құлшылық жасауына ғасырлар бойы шектеу қойылып келген. Ал жақында елдің Жоғарғы соты бұл тыйымды алып тастап, әйел теңдігін орнатқан болатын. Дегенмен жұрт бұл шешімге қарсы шығып, діни ғимаратқа кіруіне мүмкіндік бермей келген.
RT агенттігі іс-шараға 3-5 млн адам қатысқанын, олардың бір-бірінің қолынан ұстап, қаз-қатар тұра қалғанынан 620 шақырым «дәліз» пайда болғанын хабарлады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды