«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 44

Әуе бомбасын сынады

Түркия алғаш рет өзі жасап шығарған МК-84 әуе бомбасын сынақтан өткізді.

Anadolu агенттігі салмағы бір тонна болатын бомбаның 1850 шақырым жылдамдықпен қалыңдығы бір метр бетонды тесіп өткенін хабарлады. Ал оны өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк бақылаған. Мамандар бұл құрылғының жұмысына 2017 жылдың сәуір айында кірісіпті.
Сынақ Конья провинциясының Карапынар жерінде орналасқан HABRAS базасында өтті. Бұл орын қазан айының соңына таман ел президенті Режеп Ердоғанның қатысуымен ашылған. Мұнда Түркияда жасалып жатқан, сондай-ақ өзге елдерден жеткізіл­ген қару-жарақтар сы­нақтан өткізіліп тұрады.

2019 ең ыстық жыл бола ма?

АҚШ-тың Калифорния университетінің ғалымдары 2019 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелуі мүмкін деген болжам жасады.

Ғалым Саманта Стивенсон климаттың өзгеруін Тынық мұхиты суының беткі қабатын­дағы температураның күрт көтерілуімен байланыстырып отыр. Әдетте мұны Эль-Ниньо құбылысы деп атайды. National Geographic басылымы соңғы төрт жыл температураның жоғарылығымен есте қалғанын хабарлады. Себебі көміртегі диоксидінің шығарындылары рекордты деңгейге жеткен. Бұған Дүниежүзілік метеорология ұйымының мәліметтері де дәлел.
Ғалымдар жаһандық жылынудың соңы ауа райының күрт өзгеруіне алып келетінін бірнеше мәрте айтқан.

Қытай мен Канада арасы өршіп тұр

Қытай мен Канада арасындағы жағдай шие­ленісіп барады. Оған Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоудың Канадада тұтқындалуы себеп болып отыр.

Осы іске Аспан асты елінің сыртқы істер министрлігі мен Канададағы Қытай елшілігі наразылығын білдіріп, қамаудан босатуын талап еткен. Бұл істің анығы әлі күнге дейін белгісіз. BBC басылымы оған аталған компания техникасын АҚШ, Авс­тралия, Жаңа Зеландия жерінде таратпау ісі себеп болғанын жазады. Ал директорды қамау АҚШ тарапының өтінішімен жасалған көрінеді. Себебі бұл ел Мэн Ваньчжоуды экстрадациялауға талпынып отыр.
Өз кезегінде Қытай тарапы да қарап қалмай Канаданың екі азаматын тұтқынға алып, оларға елде тұру заңын бұзғаны, тыңшылыққа әрекетке барғаны туралы айып тағылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды