«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 23

Израиль парламентінде дағдарыс

Израиль билігінде дағдарыс орнады. Парламент-кнессет мүшелерінің таратылатыны xабарланып, мерзімінен бұрын өтетін сайлау күні белгіленді.

Оған билеуші коалициялық партия мүшелерінің арасындағы шиеленіс себеп болған. Қараша айында Байт Йехуди партиясы Білім министрі Нафтали Беннет қорғаныс министрі лауазымына тағайындалмаса, билеуші коалициядан шығатынын мәлім еткен.
Reuters басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху коалиция көшбасшыларымен бірлесе отырып, жаңа сайлау сәуір айында жоспарланып отырғанын мәлім етті. Енді қазіргі парламент 2 қаңтарға дейін ғана жұмыс істейді.
Бұл елде парламент сайлауы төрт жылда бір рет өткізіледі. Кезекті сайлау 2019 жылдың қараша айында бір-ақ өткізілуі тиіс еді.

Хорватияда жұмыс күші жетіспейді

Хорватия мемлекеті жұмыс күшінің аздығынан қиындық көріп отыр. Осының салдарынан ел билігі шетелдік жұмысшыларға арналған квотаны 8 мыңнан 15 мыңға дейін өсірді.

Небәрі 4 млн тұрғыны бар елде 30 мыңға жуық вакансия бар көрінеді. Жағдайдың бұлай өрбуіне жалақы мөлшерінің аздығы себеп болып отыр.
Әлемде 2 жұмыс орнына 5 адамнан келсе, Загребтегі жағдай мүлдем бөлек. Хорватияның еңбек министрлігінің мәліметінше, енді бос жұмыс орындарына мигранттарды да тарту жоспарланған. Бұл олардың Хорватияда заңды түрде тұруына мүмкіндік береді.

Ақауды анықтайтын робот

Гарвард университетінің ғалымдары техниканың қозғалтқышы мен түрлі ақауларын анықтайтын кішкентай робот ойлап шығарды.

Кішкентай құрылғыға магнит орнатылған. Сырт келбеті жәндікке ұқсас. Hi-news басылымының хабарлауынша, ол сынақтан мүдірмей өтіп, 100 қадам басып шыққан. Сондай-ақ ол көлденеңнен және тік жүріп мамандардың бұйрығын толығымен орындаған. Роботтың қисық тұстардан қиналмай өтуі үшін аяқтары иілгіш ретінде жасалыпты. Енді мамандар оның бір затты көтеруін ойлап, осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарып жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды