«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 12

Премьер-министр отставкаға кетті

Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель отставкаға кетті. Бұл туралы ол сейсенбі күнгі парламент отырысында мәлім етті деп хабарлайды RTBF телеарнасы.

«Менің ұсыныстарым қолдау таппады, сөзіме ешкімді сендіре алмайтынымды біліп отырмын. Сондықтан қызметімнен кететінім туралы өтініш беремін» деді үкімет басшысы.
Бельгия үкіметіндегі дағдарыс желтоқсан айының басынан басталды. БҰҰ-ның көші-қон туралы келісімін құптай алмаған бірнеше министр отставкаға кеткен. Ал олардың қызметін үкімет басшысы уақытша өз қолына алған болатын.

Күнге жетіп қалыпты

«Паркер» аппараты Күн ғаламшарына рекордты деңгейде жақын ұшып жетті.

Ғалымдар аппарат арқылы түсірілген фотолардан планетаның ғарышқа шығаратын плазмаларын, сол сияқты оның температурасын зерттемек. НАСА «Паркерді» осы жылдың 12 тамызында аттандырған. Ол межеленген жерге сағатына 375 мың шақырым жылдамдықпен ұшқан. Ал осыған дейінгі ең жылдамы 250 мың шақырымға дейін жетіпті.
BBC мәліметі бо­йынша «Паркер» күнге 6,12 млн шақырымға жақындаған. Ал осыған дейінгі аппарат 1976 жылы 43 млн шақырымға жақын жетіпті.

4400 жыл бұрынғы мола

Египетте 4400 жыл бұрын көмілген моланың орны табылды. Ол Каир қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Саккара елді мекеніндегі пирамидалар кешенінен анықталды.

Археологтардың мә­ліметі бойынша мүрде біздің дәуірімізге де­йінгі 2504-2347 жылдар аралығында өмір сүрген перғауындардың бесінші әулеті кезіндегі жоғары шенеуніктердің біріне тиесілі.
Бұл зираттың орнын бүгінге дейін ешкім білмеген. Мамандар уақыт созбай зерттеу жұмыс­тарына бірден кірісіп кетті. Қабырғалардағы түрлі иероглиф жазулары, олардың 4400 жыл өтсе де қанық түстері археологтардың қызы­ғушылығын тудырып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды