«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 43

Франциядағы қанды шабуыл

Францияда қанды шабуыл болды. Страсбург қаласында белгісіз біреудің әрекетінен үш адам қаза болып, 13 тұрғын жарақат алды.

BBC басылымы бо­йынша, оқиға Клебер алаңындағы мерекелік жәрмеңкеде болған. Белгісіз біреу жазықсыз жұртқа оқ жаудырып, артынша тәртіп сақшыларымен атысқан. Оқ атушы оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті. Қазір оны іздеуге жүздеген полицей жұмылдырылды. Күдіктінің осыған дейін де істі бол­ғаны белгілі болды.
Страсбург – Франция­ның шығысындағы Еуропарламент, Еуропа Кеңесі, сондай-ақ Еуропа Одағының мекемелері мен органдары орналасқан қала. Дәл осы күндері мұнда Еуропарламенттің кезектен тыс сессиясы өтіп жатқан еді.
Франция билігі 12 желтоқсанды аза тұту күні етіп жариялады.

Бельгия үкіметінде дағдарыс

БҰҰ-ның көші-қон бойынша халықаралық келісімін құптай алмаған Бельгияның бірнеше министрі отставкаға кетті. Бұл туралы The Associated Press жазады.

Бұл құжатта заңсыз миграция саны қысқарып, босқындардың барған елінде интеграциялануына, сондай-ақ туған еліне қайта оралуына көмек беруі көрсетілген. Оны Бельгия­ның үкімет басшысы Шарль Мишель қолдайтынын мәлім еткен. Алайда мұндай шешім елдегі бірқатар ми­нистр­дің наразылығын тудырған.
Ал қызметтен ішкі істер министрі Ян Ямбон, қорғаныс министрі Сандер Лонес, қаржы министрі Йохан Ван Овертвельдти, сондай-ақ мемлекеттік көші-қон хатшысы Тео Франкен кетті.

Йеменде көмекке мұқтаждар көбейді

Йемендегі гуманитарлық жағдай жылдан- жылға нашарлап барады. Қазір халықтың 70 пайы­зы, яғни 20 млн адам көмекке мұқтаж.

БҰҰ-ның гуманитар­лық мәселелерімен айналысатын Марк Лоукоктың мәліметі бойынша, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ол өз сөзінде бұл көрсеткіш елдің 330 ауданын қамтығанын мәлім етті. Қазіргі уақытта Йеменге 152 мемлекет көмек көрсе­тіп отырған көрінеді.
РИА «Новости» басылымы келер жылы йемендіктерге көмек үшін 4 млрд доллар қажет екенін хабарлады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды