«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 13

Ресейліктер оқ жаудырды

Азов теңізіндегі оқиға Мәскеу мен Киев арасын шиеленістіріп жібергелі тұр.

РИА агенттігінің хабарлауынша 25 қараша күні Ресей әскерилері шекарадан заңсыз өтіп кеткені себепті Керчь бұғазында Украинаның «Бердянск», «Никополь» және «Яны Капу» кемелерін тоқтатқан. Бұған қоса ресейлік тараптың оқ жаудырғаны да белгілі болды. Ал өз кезегінде украиналықтар бұл аймақтан өтетінін алдын ала хабарлағанын айтып отыр. Қақтығыс­тан үш украиналық жарақаттанған.
Енді осы шұғыл оқи­ғаға байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізілмек.

Мүгедектерге арналған смартфон

Браун университетінің ғалымдары ми қызметі арқылы басқаруға болатын смартфон жасап шығарды.

Digital Trends басылымының хабарлауынша жаңа құрылғы ойлау жүйесі арқылы жұмыс істейді. Ол мидың белсенділігі арқылы тиісті тапсырмалар алып, соны жүзеге асырады. Мамандар тәжірибе жүзінде, калкульяторды пайдаланып, хабарламалар жіберіп көрген. Сол сияқты онлайн-­сауда да жасалған.
Бұл құрылғы қол-аяғы жұмыс істемейтін, сөйлей алмайтын мүгедек жандарға арнап жасалып отыр. Осы арқылы цифрлы технологияны кеңінен пайдалануға, жақындарымен тілдесуге септігі тигізілмек.

Зілзаладан 716 адам зардап шекті

Иранның Керманшах провинциясында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Mehr агенттігінің хабарлауынша табиғи апаттан 716 адам түрлі деңгейде жарақат алып, 1 адам қаза болған. Зардап шеккендердің басым бөлігі – Гилянгарб, Каср-е Ширин и Сар-Поле-Зохаб қалаларының тұрғындары.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша жерасты дүмпуін Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым қашықтықтан анық­таған. Оның ошағы 40 км тереңдікте орналас­қан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды