«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 13

МАКЕДОНИЯ АТАУЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ҚАРСЫ

Скопье қаласындағы Македония парламентінің алдына мыңдаған адам жиналып, мемлекеттің атауын өзгерту ісін тоқтатуды талап етті.

Македонияның парламент депутаттары өткен айдың ортасында Гре­кия­мен жасалған келісімшарт негізінде конституцияға өзгерту енгізуге дауыс берген. Нәтижесінде 120 депутаттың 80-і қолдап, енді осы бағыт бойынша тиісті жұмыс­тар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Македония мемлекеттің атын өзгерту туралы Грекия­мен келісімге келген. Оған үлкен себеп, Грекия өзінің бір аймағының атымен шатастырмас үшін атауын өзгертуді талап етіп, оның Еуроодақ пен НАТО-ға мүше болуына мүмкіндік бермей келген болатын. Осылайша ұзақ жылдан бері тоқтамай келе жатқан дау-дамайға нүкте қойылған.

5G 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫҒАДЫ

Страсбург қаласында өткен Еуропа парламентінің отырысында 5G интернетінің жай-күйі талқыланды.

Бұл бастама Еуропа елдерінде 2020 жылға де­йін қолданысқа енгізілуі тиіс. Сонымен қатар Skype, WhatsApp секілді әлеуметтік желілері үшін қауіпсіздік талаптары күшейтіледі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Еуропадағы ірі телекоммуникациялық компания – Deutsche Telekom бұл жоспарды жақын уақытта жүзеге асырмақ. Шығын көлемі 5,5 млрд еуроны құрайды. Ал Қытай бұл істі биылдан қалдырмай орындауды көздеп отыр. Қазір China Mobile, China Telecom және China Unicom компаниялары дайын екенін хабарлады.

ЖАСАНДЫ КӨЗ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Ресейлік инженерлер жасанды интеллект негізінде көз жасап шығарды. Бұл туралы «Известия» басылымы хабарлады.

Жаңа аппараттың жұмысымен «Бизнес бюро» компаниясы айналысады. Бұл көздің бір ерекшелігі, дыбысты, бейнені сақтап қалуға қабілетті микрофон, бейнекамера секілді құрылғылары бар.
– Бұл заманауи бионикалық имплант жүйесі бойынша жұмыс істейді. Ойға алған жұмысымыз жуық арада жүзеге асырылады деп үміттенемін, – дейді жоба жетекшілерінің бірі Денис Кулешов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды