«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 23

ҰШАТЫН ТАКСИ ПАЙДА БОЛДЫ

Ұлыбританияның Vertical Aerospace компаниясы ұшатын такси жасап шығарып, сынақтан өткізді.

Әуе таксиі төрт адамды тасымалдауға арналмақ. Егер бәрі сәтті түрде жүзеге асып, қауіпсіздік сертификаттары алынар болса, 2022 жылы қолданысқа енгізілмек. The Times басылымының хабарлауынша, жаңа туынды электр батареясымен қозғалып, жылдамдығы сағатына 300 шақырымды құрайды.
Сынақ небәрі бес минутқа созылғанмен, компания қызметкерлері оның 800 шақырымды басып озуға күші жететінін айтып отыр.
Айта кетейік, Vertical Aerospace 2016 жылы құрылған. Қазір мұнда Airbus, Boeing секілді әлемге танымал авиа­­компаниялардың бұрынғы инженерлері жұмыс істейді.

СКРИПАЛЬДЫ УЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ МА?

Ұлыбритания полициясы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына қатысы бар екі ресейлік азаматты айып­тап отыр. Ал елдің премьер-министрі Тереза Мэй күдіктілер барлау қызметінің қызметкерлері екенін мәлімдеді.

– Скрипаль мырза мен оның қызы әскери улағыш заттармен уланғаны анық. Ал мұндай өнім тек Ресейде ғана өндіріледі, – деді Тереза Мэй.
BBC басылымының мәліметі бойынша Ресей президенті Владимир Путин Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында Ұлыбритания тарапы айыптаған күдіктілердің кім екендігі анықталғанын мәлімдеген. Алайда олардың криминалды мәселеге қатысы жоқ екенін де жеткізді.
– Біз, әрине, күдіктілерді анықтадық әрі таптық. Жақында БАҚ өкілдерімен байланысқа шығып, өздері туралы айтып береді деп ойлаймын, – деді Владимир Путин.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды