«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 17

750 МЛН АДАМ САУАТСЫЗ

ЮНЕСКО мәліметі көпшілікті таңдай қақтырып отыр.

Аталған ұйымның мәліметі бойынша дүние жүзінде сауатсыздық деңгейі толастар емес. Қазіргі уақытта әлемде 750 млн адам оқып та, жаза да алмайды екен. Ал оның басым бөлігі әйел адамдар көрінеді.
Сауатын ашпағандардың 45 пайызы – Оңтүстік Азия, 27 па­йызы – Қара Африка (Сахара шөлінің оңтүстік аймағы), 10 пайызы – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, 9 пайызы – Солтүстік Африка және Батыс Азия, 4 пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде өмір сүреді.

СМАРТФОНҒА ШЕКТЕУ ҚОЙДЫ

Моңғолияның Министрлер кабинеті жалпы білім беру мектептері мен басқа да оқу орындары аумағында смартфондар қолдануға шектеу қою туралы шешім қабылдады. Үкіметтің бұл қаулысы осы жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

Бүгінде Моңғолияда 8-17 жас аралығындағы балалардың 71,8 пайызы ұялы телефонды белсенді қолданады. Оның 54,6 пайызында интернет қосылған. Ғалымдар мен дәрігерлер 12 жасқа толмаған балаларға смартфон беруге болмайтынын ескертеді. Себебі жоғары дәлдіктегі электромагниттік сәулелер балалардың денсаулығына зиян келтіреді.

ДЖЕК МА ALIBABA  БАСШЫЛЫҒЫНАН КЕТЕДІ

Қытайдағы ең ірі электронды сауда корпорация­сы – Alibaba-ның негізін қалаған әйгілі миллиардер Джек Ма келесі жылы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл ақпарат Alibaba Group таратқан баяндама арқылы белгілі болды. Джек Маның айтуынша, бұл шешімді соңғы 10 жыл бойы ойланып келген екен. Енді ары қарай өзі сүйіп істейтін білім саласында қызмет етуді жөн көріп отыр.
– Бүгін Аlibaba-ның құрылғанына 19 жыл толып отыр. Енді келер жылдың дәл осы күні, яғни 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Alibaba Group корпорациясы басқарма кеңесінің төрағасы қызметінен кететінімді айтқым келеді, – делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми Weibo парақшасында тараған Джек Маның хабарламасында.

Аян ӘБДУӘЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды