«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 41

  ТҮРКИЯДА ОРТА ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН ҒИМАРАТ КӨШІРІЛДІ

Түркияның оңтүстік-шығысында «Илису» су қоймасының салынуына байланысты сол маңдағы мәдени мұралар басқа жерге көшіріліп жатыр.

Соның бірі – ХІІ ғасыр­да салынған «Артуклу» моншасы. Ғимарат тұ­тас­тай көшіріліп, Батман провинциясында­ғы Хасанкейф мәдени бағына жеткізілген.
Алда тағы жеті тари­хи мұра нысанының орны өзгереді. Олардың барлығы бір жерге жиналып, Хасанкейфте туризмді дамытуға үлес қосады. Түркия Мемлекеттік сумен қамту жөніндегі басқармасының директоры Мурат Аджудың айтуынша, 2017 жылғы 12 мамырда 555 жыл тұрған Зейнел бей моласы көшірілген.

БІШКЕК ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА МЭРІ САЙЛАНДЫ

Қырғызстан астанасының жаңа мэрі етіп Бішкек қалалық кеңесінің депутаттары Азиз Суракматов­ты сайлады. Суракматовке 45 депутаттың 43-і дауыс беріп, біреуі қарсылық танытты. Қала басшысына жеңіске жету үшін 23 дауыс жинау керек болған.

Азиз Суракматов – ҚӘДП, «Онугуу-Прогресс», «Мекенім Қыр­ғызстан» және «Қыр­ғызстан» сынды бес фракцияның төртеуі енетін БҚК мүшелерінің басым көпшілігінің коалициясы ұсынған жалғыз үміткер болды. Үміткерлерді ұсыну құқығына «Республика-Ата-Жұрт» оппози­циялық фракциясы мен премьер-министр ие болды. Алайда олар бұл мүмкіндікті пайдаланбады.
Мэрді сайлау кезінде қала тұрғындары әкімдік алдында баламасыз сайлау ісіне қарсы митинг өткізді.

 ЖАПОНИЯДА АПТАП ЫСТЫҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАР КӨП

Жапонияда аптап ыстық басылмай тұр. Мамырдан тамызға дейінгі аралықта ауруханаға жатқызылғандардың саны рекордтық межеге жетті.

Өткен үш аптада 71 266 адам басынан күн өтіп ауруханаға жатқызылған. Бұл 2013 жылғы рекордтан 15 мыңға артық.
Бір апта бұрын кем дегенде 39 адам қайтыс болып, 13,7 мың адам ауруханаға түскені хабарланған еді. Қазір елдегі ауа температурасы 34-35 градустан төмен түспей тұр. Кейбір өңірлерде термометр бағаны тіпті 40 градусты көрсетіп жатыр. Былтыр Жапонияда аптап ыстықтан 44 адамның өмірі қиылып, ондаған мың адам ауруханаға жатқызылған.

Дереккөзі: kazinform

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды