«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 48

ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

Каракас қаласында 4 тамыз күні Венесуэла президенті Николас Мадуроға қастандық жасалды.

Оқиға Боливар ұлттық гвардиясының құрылған күніне арналған шеру кезінде орын алды. Мадуро мінберде тұрғанда жарылғышы бар үш дрон шабуыл жасаған. Бірақ пилотсыз ұшу аппараттарын дер кезінде атып түсіріп, қауіптің бетін қайтарған. Кейін Венесуэланың Байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес мәлімдеме жасап, президенттің дін аман екенін және жеті әскеридің жарақат алғанын мәлімдеді.
Мадуроның өзі бұған оппозиция мен Колумбия билігін кінәлады. Ал Колумбияның Сырт­қы істер министрлігі оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды. Мадуроға жасалған қастандық әрекетін «Фланельді сарбаздар» атты астыртын топ мойнына алды.

ИНДОНЕЗИЯДА ЖОЙҚЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Жексенбі күні Индонезияның Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді.

Апат салдарынан қаза тапқан жергілікті адамдар саны 91-ге жетті. Жалпы, 200-ден аса адам ауыр жарақат алған. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл жерде зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмология­лық орталығының мә­ліметінше, жер сілкі­нісі 6,6 балға жеткен. Жер­асты дүмпуінің кіндігі Матарам қаласының солтүстік-шығыс жағынан 49 километрлік жерде орналасқан.

ҚЫТАЙ ЖАҢА ҰШУ АППАРАТЫН СЫНАП КӨРДІ

Қытай «Синкун-2» («Жұлдызды аспан») атты гипер дыбысты ұшу аппаратын сынақтан сәтті өткізді.

Сынақ жұма күні Қытайдың солтүстік-батысындағы полигондардың бірінде өтті. Аппарат әуеде 10 минут қалқып, 30 километр биіктікте бірнеше маневр жасады және белгіленген аймаққа сәтті қонды.
Бұл жобаға үш жыл уақыт кетіпті. Сарапшылардың айтуынша, аппарат ядролық қаруларды тасымалдауға және өзінің жоғары жылдамдығының және күтпеген траекториясының арқасында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінде кез келген жағдайға төтеп беруге қауқарлы.

Дереккөзі: ria.r

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды