«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 80

БЕС ЖҮЗ АДАМ ҚҰРСАУДА ҚАЛДЫ

Индонезиядағы Ринджани тауларының етегінде 500-ден аса жаяу жүргінші көшкіннің жүруінен шыға алмай, қамалып қалды.

Оқиға жексенбі күні сағат 6:47-де Ломбок аралындағы ұлттық саябақта, Риджани вулканына жақын жерде орын алған. Алдымен магнитудасы 6,4 өлше­мін көрсеткен жер сіл­кінісі болған. Осының салдарынан тауда көш­кін басталып, сыртқа шығатын жолдарды басып қалған.
Индонезия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сілкініс ошағы 7,5 шақырым аумақты алып тұр. Мұнда кемі 11 рет жер сілкі­нісі тіркелген. Соңғы мәліметтерге қарағанда, зілзала кезінде 16 адам қаза тапқан. Бұдан бөлек, 500-ден астам турист таудың басында қалып қойған.
Кешелі бері құрсауда қалған туристерді құтқару үшін тау басына қарай құтқарушылар командалары мен тікұшақтар жіберіле бастады.

ТҮРКИЯ ИРАН ГАЗЫНАН БАС ТАРТПАЙДЫ

Анкара Вашингтонның Тегеранға қарсы жаңа санкциялар енгізгелі отырғанына қарамастан, Иран газынан бас тартпайды.

Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған кеше мәлімдеді. «Мен кезінде Обамаға да айтқанмын, қазір Трампқа да солай деп отырмын, Түркия Иранның газын сатып ала береді. Егер бұл жолды жауып тастасақ, Түркияға «көгілдір отынды» кім жеткізіп береді?» деді ол.
Ердоған сондай-ақ Құрама Штаттардың бұлай ете берсе, өзінің Түркия сынды сенімді одақтасынан айырылып қалатынын айтты.
Биылғы мамыр айында Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен 2015 жылы халықаралық «алтылықтың» (Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция) қатысуымен жасалған ядролық келісім бағдарламасынан шығатынын жария еткен еді. Бұдан бөлек, Америка лидері Тегеранға және онымен бизнес жүргізуші басқа да елдерге қарсы санкцияларды қайта қалпына келтіретінін жеткізген болатын.

ТҮРМЕДЕН ҚАШЫП КЕТТІ

Камерунның солтүстік-батысындағы түрмеден 160-тан астам тұтқын бір күнде қашып кеткен.

Олар сепаратистердің аймаққа жасаған шабуылын пайдаланып, қапастан кетіп қалған. Camerounweb порталының ақпарынша, сепаратистер елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысына бірнеше рет шабуыл жасаған. Шабуылға, негізінен, елдің солтүстік-батысында орналасқан Ндоп коммунасындағы басты түрмесі ұшыраған. Нәтижесінде онда отырған барлық адам түгел қашып кеткен.
Ал елдің оңтүстік-батысында полиция қыз­меткерлерінің бекеті сондай шабуылды бас­тан кешкен. Бірақ ешкім зардап шекпеген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды