«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елді елең еткізген

0 34

ҮҢГІРДЕГІ БАЛАЛАР ТҮГЕЛ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Таиландтың солтүстігіндегі су басып қалған үңгірде қалған балалар түгел құтқарылды.
 «Корольдік теңіз мы­­­сықтары» – әскери сүң­­гуірлер сейсенбіде үшінші, соңғы мәрте аталмыш үңгірге кіріп, онда қалған 4 бала мен олардың жаттықтырушысын жарық дүние­ге алып шыққан. Олар сол бойда тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін, жексенбі және дүйсенбі күндері 8 бала құтқарылған екен.
Оқиға былай болған. «Жабайы қабандар» атты балалар футбол командасының 11-16 жас аралығындағы 12 мүшесі бапкерлерімен бірге Чианграй провин­циясының таудағы паркінде орналасқан үңгірге саяхат жасап барады. Бірақ кенеттен құйып кеткен маусымдық нөсер жауыннан кейінгі топан су үңгірдің аузын басып қалады. Олардың жоғалып кеткені тек 10 күннен кейін ғана белгілі болады.
Үңгірде қалған балаларды құтқаруға Ұлыбритания мен Австра­лия­дан келген мамандар да қатысты. Мұның ақыры сәтті аяқталды. Десе де, осы істе бір құтқару­шы қаза тапты.

РЕСЕЙ ӨЗІНІҢ ОФФШОРЫН ҚҰРМАҚШЫ

 Үстіміздегі жылдың күз айларында-ақ Ресейдің өз оффшорлық аймағы жұмыс жасай бастайды.
Бұл туралы сейсенбі күні Экономикалық даму министрі Максим Орешкин хабарлады. Мұндай аймақтар Калининград облысындағы Октябрь аралы мен Примор өлкесіндегі Русский аралында қанат жаймақшы.
Орешкиннің айтуынша, «арнайы әкімшілік аудандары» биылғы жыл­дың қыркүйек-қазан айларында жұмыс істеуге кіріседі. Биліктің ойынша, оффшорлардың ресейлік нұсқалары елдің басқа мемлекеттерде тіркелген компанияларын өзінің құрылымдарына тартып әкелуге тиіс.
Министр сейсенбі күні таңертең Мемлекеттік думада «Единая Россия» фракциясының өкілдерімен бірге Ресейдің оффшорлар жөніндегі заң жобасын талқылады. Енді депутаттар шілденің аяғына дейін сол заңды қабылдағалы отыр.

ДЖОНСОН НЕГЕ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ?

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй шілденің 9-ы күні сыртқы істер министрі
Борис Джонсонды қызметінен босатты.

Үкімет басшысы іле-­шала оның орнына 2012 жылдан бері денсаулық сақтау саласын басқарып келген 51 жастағы Джереми Хантты таға­йындады. Оның кандидатурасын Елизавета патшайым қолдаған көрінеді.
Бұдан алдын, сол күні таңертең Джонсон өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Ол өзінің бұл шешімін Британияның Еуро­одақтан шығу жөнінде премьер-министрдің ұстанған бағытымен келісе алмауынан деп түсіндірді. Сөйтіп, соңғы кездері өздерін жап-жақсы тандем ретінде көрсетіп келген жұптың шырқы бұзылды.
Кейінірек Джонсон Мэйге арнап жазған хатында келіспеушілік себептерін түгел ашып көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды