Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы: Елбасы саясатының елеулі жемісі

Бізде қызық көзқарас бар, әлдебір шет ел ­осын­шама жетістікке жетіпті десе, көзімізді жұмып, аузымызды ашып сенеміз, ал өзіміздің жет­кен жоғары көрсеткіштерге күмәнмен қа­рай­мыз. Күні кеше ғана бүкіл әлемнің назарында болып, талайды тамсандырып, таңдайын қақ­тыр­ған елор­дадағы халықаралық деңгейдегі оқи­ға­лар төңірегінде өзіміздің «қит етсе қисая кете­тін­дердің» сол баяғы әдеттерінен танбай ұсақ-түйек әңгімелерді қоздырып жатқаны көңіл­ге кірбің ұялатады.

8ed38bfaeb5b635da11ce834dfc43ae9

Ал шындап келгенде, Аста­нада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер кеңесі басшыларының 17-отырысы әлемдік БАҚ, отандық және халықаралық сарапшылар тарапынан «тарихи саммит» деген бағаға ие болуда. Мәселен, ШЫҰ-ға бақылаушы ел ретін­дегі Беларусь президенті Александр Лукашенконың: «Шанхай ұйымының мүшелері қаламаса ешкім, еш жерде және ешуақытта дүние жүзіндегі ахуалды тұрақсыздандыра алмайды» деуінің себебі жоқ емес. Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерін өз мүшелігіне қабылдаған Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының қызметі жаңа сапалық деңгейге көте­ріліп қана қойған жоқ, ШЫҰ жаһандық қауіпсіздікке тікелей ықпал ете алатын құрамында төрт ядролық державалары бар ұйымға айналды. Мұның сыртында бұл ұйым жер шары тұрғындарының жартысына жуығын біріктіретін, әлем экономикасының 20 пайызын қамтитын мейлінше әлеуетті жаһандық құрылым болып отыр. Иран мемлекетінің ШЫҰ-ға бақылаушы санатынан оның толық мүшелігіне өтуге ұмтылысы бекер емес әрі санкция алынып тасталғаннан кейін бұл елде ондай мүмкіндік те бар.

Кейбір сарапшылар ШЫҰ кеңеюі Қытайдың ұйым ая­сын­дағы әсерін күшейтеді деп есептейді. Атап айтқанда, Орталық Азия бойынша сарапшы, Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Эрика Марат: «ШЫҰ – Қытайдың бұған дейін батыс шекарадан қорғап келген құрылымнан гөрі Орталық және Оңтүстік Азиядағы ба­сымдығының символы» дей келе, бұл ұйым Пекиннің Қытай мен Еуропа аймағында экономикалық мүддесін қорғау жоспарын іске асыру үшін пайдаланылатын болады деген тұжырым жасайды. Ал Джордж Мейсон университетінің доценті Эрик Макглинчидің пікірінше, негізгі қатысушылар түрлі мақсаттар көздесе де, бұл олардың бақталастығына әкеліп соқпайды, Қытай ай­мақта Ресейдің геосаясат мақсатын жүзеге асыруға кедергі жасамайды, тек өз экономикалық мүддесін кеңейтуге күшін салады.

Қалай болғанда да, Қытай үшін ШЫҰ «Бір белдеу, бір жол» идеясын іске асыруға таптырмас құрылым екені сөзсіз. Мұны саммитке қаты­сушылар да бір ауыздан мақұлдағаны белгілі. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жұмысының оң қар­қы­ны «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының дамуына да байланысты екендігі айтылды. Осы ретте бұл бағдарламаға Қытай еліне жақын көрші болып келетін Қазақстан тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны жайлы, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» идеясын «Нұрлы жол» бағдарламасымен ұштастыру жөнінде бірлескен келісімге қол қойылғаны туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге ресми сапары кезінде мәлімделді. Ал Си Цзиньпин болса Қазақстанмен стра­тегиялық әріптестікті жан-жақты дамытуға мүдделі екендігін «Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы арман қана­тында қалықтайды» деген мақаласында баса атап өтті. Нәтижесінде соңғы төрт жылда Қазақстан аумағында 1500 шақырым теміржол, 3000 шақырым автокөлік жолдары салынды, сөйтіп Қытайдың шекарасынан Каспий теңізі­не дейінгі теміржолды жалғас­тырып, Қорғасты Алматымен байланыстырды.

Жалпы, саммит барысында бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, мемлекет басшылары ұйымға мүше елдер Ядролық қаруды таратпау келісімін сөзсіз сақтауды көздейтін Астана декларациясына қол қойды, экстремизмге қарсы күрес бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының конвенциясы қа­был­­данып, ұйымның нақты мәселелері анықталды және де даму болашағы талқыланды, барлық мәселелерді консенсус арқылы шешуге негізделген «шанхай рухын» сақтау қажет­тілігі мойындалды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына төраға міндеті Қазақстаннан Қытай мемлекетіне беріліп, ұйымның келесі отырысы осы елде 2018 жылдың жазында өтеді деп шешілді. Қазақстан, осылайша, өзінің бір жылдық төрағалық міндетін мейлінше табысты аяқтады.

Сонымен қатар

ДОС АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗ

Ойламаған қазаны сол күні ертеңгілік әлеуметтік желіде бір інішектің жазбасынан көрдік. Біреу суық қолмен қолқамызды …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған