ЕЛБАСЫ ӨМІРБАЯНЫ – ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІНДЕ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтті.

Жобаның жетекшісі және кітап авторы – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Қасымбеков.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-өмірбаяндық тұрғыдан зерттелген туынды Қазақстанның жаңа тарихы бойынша да маңызды дереккөз болып табылады.
Қазақстан Президенті туралы өмірбаяндық кітап тек Отанымызда ғана емес, сондай-ақ шетелдерде де қызығушылық танытуда. Қазақ, орыс тілдерінен басқа ағылшын, араб, венгер, неміс, серб және француз тілдеріне аударылып, басылып шықты, енді бұл қатарға әзербайжан тіліне аударылған нұсқасы қосылды.
Орыс тілінен әзербайжан тіліне журналист-публицист Аида Эйвазова аударып, алғысөзін Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әли Гасанов жазыпты.

Айгүл Уайсова

Сонымен қатар

АЛАШ МҰРАТЫ

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни 12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II жалпықазақ съезінде Алаш …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған