«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елбасы «Нұр Отаннан» жаңашылдық күтеді

0 38

Бейсенбі күні билік партиясының басшылығында ауыс-түйіс болды. 1,5 жыл «Нұр Отанды» басқарған Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатқа ауысып, оның орнына Мәулен Әшімбаев жайғасты.

47 жастағы Мәулен Сағатханұлы бұған дейін төменгі палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Ол – әр жылдары Президент әкімшілігінде, Парламентте жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған білікті кадр. Ал Мәдениет және ақпарат министрінің орынтағына төрт мәрте отырған, Елбасының баспасөз хатшысы және кеңесшісі, Мемлекеттік хатшы сияқты жоғары лауазымды қыз­меттерді атқарған 57 жастағы Мұхтар Абрарұлы Сенат депутаты болды.
Жаңа орынбасарын «нұротандық­тарға» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таныстырды. Елбасы мемлекеттің маңызды күшіне айналған биліктің партия арқылы халыққа жария етілген бағдарламалар жүзеге асырылатынын мәлімдеді. «Партия осы бағдарламаларды жасауға, іске асыруға белсенді араласуы қажет. Ең алдымен, біз бәсекелестікке дайын болуға тиіспіз. Ол үшін не істеу керектігін өздерің ойланыңдар. Қарапайым адамдарға үніміз жетуі үшін, мен «Нұр Отаннан» жаңашылдық күтемін!» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұлтанбек СҰЛТАНҒАЛИЕВ, саясаттанушы:

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанға» жаңа қарқын қосады. Ол – әкімшілік жұмыстарда әбден ысылған мықты саяси сарапшы. Депутат кезінде жұрт алдына шығып, ашық сөйлеуді де жетік меңгерді. Демек, жаңа басшы партияның ішкі дамуына серпін беріп, «Нұр Отанның» ашық форматқа көшіп, қысқа мерзімде партияның беделін жаңа белеске көтереді деп ойлаймын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды