«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елбасы халықаралық жиынға қатысты

0 18

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасы Бейжіңдегі «Бір жол, бір белдеу» ІІ халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты.

Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге қонақжайлық танытып, форумға шақырғаны үшін ризашылық білдірді.

– Қытай халқында «Бай болғың келсе, жол сал» деген тәмсіл бар. Бұл дана сөз бірлесе жаңғыртып жатқан Ұлы Жібек жолының тарихына да тікелей қатысты. Екі мың жыл бұрын адамдардың батылдығы мен іскерлігінің арқасында Еуразия жолдардың бір желісіне біріккен еді. Мұны адамзат тарихындағы жаһанданудың алғашқы қадамдары деуге болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы отыз жыл ішінде Еуразиядағы Жібек жолын жаңғыртудың көптеген тұжырымдары болғанын және олардың жүзеге аспағанын атап өтті.

Елбасы «Белдеу және жол» бастамасына Қазақ­станның әуел бастан қолдау білдіргенін атап өтіп, бірінші форумның қорытындылары бойынша қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.

Елбасы саяси қарама-қайшылыққа, санкциялар мен сауда теке-тіресіне қарамастан, осы бастама аясындағы сауда көлемі артып, бүгінде 5 триллион доллар құрап отырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһанданудың жаңа үлгісін ұсынғанын айтты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды