«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елбасы – елорданың архитекторы

0 25

«Нұржол» бульварының бойымен қыдырған елордалықтар мен қала қонақтары енді Елбасының қызмет жолындағы жетістіктерінен сыр шертетін фотосуреттерді тамашалай алады. Мұндай мүмкіндік «Жасампаздық пен тұрақтылықтың 30 жылы» атты ашық аспан астында ұйымдастырылған галерея аясында іске асуда.

Галереяның ашылу салтанатына шаһар әкімі Алтай Көлгінов қатысты.
– Бұл сурет көрмесі – Тұңғыш Президенттің отыз жыл ел басқарудағы стратегиялық талантын танытуда, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлін және халықаралық аренадағы ұстанымын зерделеуде маңызды шара. Нұрсұлтан Әбішұлының ел астанасын қазіргідей деңгейге дейін жеткізудегі еңбегін де елемеуге еш болмас. Осы жолдағы оқиғалардың объективке ілінгендерін халық бүгінгі галереядан тамашалай алады, – деді ол.


Көрмеге 100-ге тарта жұмыс қойылған. Оның ішінде мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, шекараның бекітілуі, астананың көшуі тәрізді айтулы сәттерден естелік фотолар бар. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві мен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мұрындық болғанын айта кету керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды