«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесті

0 43

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақ­тарына жауап берді. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланыс­ты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды