-->

ЕЛ-ЖҰРТТЫ ЕЛЕҢДЕТКЕН

world-news-preview

Меркель Лондонға санкция салмақшы

Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін одақ адамдарының бұл елдегі қозғалысына шектеу қоятын болса, осы үшін белгілі бір төлем төлеп тұруға мәжбүр етіледі. Мұны Германия канцлері Ангела Меркель мәлімдеді.
«Бұл бір кектенгеннен жасалып отырған жоқ. Тек Британияға бас кезінде бар басымдықты алуға болмайды. Лимитті сосын енгізсе де болады ғой» дейді ол.
Меркельдің айтуынша, егер Лондон Еуроодақ адамдарының Британияда жұмысқа тұруларын шектер болса, бұл Берлинге оншалықты қолайлы тимейді. «Бұл болмайды. Мұндай жағдайда ЕО-ның 27 мүше-елі тығырықтан шығудың амалдарын жабылып қарастырады» деді герман үкіметінің басшысы.

Француздардың 45 пайызы Макронның жұмысын қолдады

Францияның жаңа президенті Эммануэль Макронның алғашқы үш күнгі жұмысына ел тұрғындарының 45 пайызы қанағаттанарлық деген баға берді.
Сарапшылар мұның бұдан бұрынғы Николя Саркази мен Франсуа Олландтың рейтингілерінен айтарлықтай төмен екенін де айтып отыр. Айталық, 2007 жылы қызметке кіріскеніне апта толған Сарказиге француздардың 59 пайызының көңілдері толса, 2012 жылы Олландтың көрсеткіші 58 пайызға тоқталған екен.

Европарламент Сирия жөнінде қарар қабылдады

Еуропарламент Сириядағы жағдайға байланысты қарарды қолдады. Оған қатысқан 624 депутаттың 508-і құжатты қабылдау үшін дауыс берді, 98-і қарсы шықты, 18 адам қалыс қалды.
Қарарда «Сириядағы ұрыс гуманитарлық дағдарыстың салдарынан Екінші дүние­жүзілік соғыстан бергі аралықтағы ең нашар жағдайда» делінген қарарда. Келтірілген статистика бойынша, 2011 жылдан бері бұл жерде 400 мың адам қаза тапқан. «13,5 млн астам адам төтенше көмекке, соның ішінде медициналық қызмет пен азық-түлікке зәру», – деп атап өтілген құжатта. Тағы 6,3 млн. сириялық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Қарарда Ресей мен Иранды «Сирия режиміне ықпал етіп, азаматтық соғысты аяқтатуға әрекет жасау» ұсынылады.

АҚШ-та сайлау қорытындысы қайта қарала ма?

АҚШ-та өткен президент сайлауының қорытындысына Ресейдің араласу ықтималдылығы мәселесі қайта көтеріліп жатыр. Онда науқан кезінде Дональд Трамп штабы мен Кремль қызметкерлері арасында келісімнің болуы қаншалықты шындыққа жанасымды екені тексерілмекші.
Бұл АҚШ президенті 10 мамырда ФБР басшысы Джеймс Комиді қызметінен шығарып тастауынан кейін қайта орын алды. Мұның алдында АҚШ конгресі ФБР-дан Трамп пен Коми кездесуінің жазбасын тыңдауға беруді талап еткен болатын. Бұған New York Times газетінде АҚШ президентінің өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн­ге Ресеймен байланыс төңірегіндегі күдікті жауып жіберуге байланысты өтініш айтқаны туралы хабар жарық көруі әсер етті. Соңынан Трамп Флиннді қызметінен алып тастады.
Ал бұл мәселені тексеруші арнайы прокурор қызметіне ФБР-дің бұрынғы басшысы Роберт Мюллер тағайындалды.

«Астана-ақпарат».

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*