«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ел жетістіктері партиямен байланысты

0 20

Кеше елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының аймақтық филиалдары өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңеске Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары, мәслихат хатшылары мен фракциялардың басшылары қатысты.Баяндамаларды тыңдағаннан кейін Елбасы Nur Otan партиясының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан жандардың еңбегін айрықша бағалады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне егжей-тег­жейлі тоқталып, еліміздің барлық жетістіктері Nur Otan партиясының атқарған жұмыстарымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Партия төрағасы Қазақстан ­Президенті Қасым-Жомарт ­Тоқаевтың айналасында қоғамды шоғырландырудың және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру жөнінде шаралар қабылдау­дың маңыздылығын еске салды.
– Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Егер 90-жылдардың басында халықтың үштен бірі кедейлік шегінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнес­тің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-ға жетті, алғашында бізде жекеменшік болмаған еді. Біз 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар аралығында Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір нығайта алдық, – деді ­Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін арттыру мен «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жайында тоқталып былай деді: «Алдағы 2 жылда «Еңбек» бағдарламасы шамамен 1,5 миллион адамды қамтиды, 750 мыңнан астам жұмыс орнын құру жос­парланған. 2020-2025 жылдары 1 миллионға жуық пәтер салынады».
Жиын соңында Елбасы электоралдық кезең алдында партия жұмысын күшейту маңыздылығына қайта бір назар аударды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент Nur Otan партиясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан мүшелерге «Белсенді қызметі үшін» медалін табыс етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды