-->

ЭКСПО-ны 77 894 оқушы көрді

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін облыстардан 77 894 оқушы келіп көрді. Бұл жоспарлағаннан екі есеге көп. Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған жоба аясында қалаға 40 мыңға жуық оқушылар мен жетекшілердің келуі жоспарланған болатын.

Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылып, олар бірінші күні елорданың әсем жерлерімен танысса, келесі күні халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады.

Көрмеге 28 мыңнан астам елордалық оқушы қатысты. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының деректеріне сүйенсек, көрме аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты қалалық еріктілер штабы жұмыс атқарған. 1500-ден астам белсенді 96 нысанда қызмет жасады, оның ішінде колледж бен ЖОО-ның студенттері, оқушылар мен белсенділік танытқан жастар көп. Сонымен қатар, еріктілердің келесі тобы қалада өткен мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты болды.

Көрме қонақтары мен қатысушы балалар іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлап, тамашалаған құбылыстар жайлы шыдамай дәл сол мезетте ата- аналары мен достарына қоңырау шалып бөлісетінін айтып берді.

Әрине, бүгінгі жас ұрпақтың елордамыздың өсіп-өркендеуінің куәгерлері бола алатыны қуанышты. Келешекте олар жан-жақты дамыған, Қазақстанды тарихта қалатын жаңа елеулі жетістіктерге апаратын жастарға айналады.

Гүлжан РАХМАН

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*